spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
6.2 C
Kokshetau

Ақмолада «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасымен жылумен қамтудың 34 жобасы жүзеге асырылуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұл туралы облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті жиынында мәлім болды. Жиын барысында жылыту маусымына әзірлік пен өткен жылдың қорытындысы талқыланды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Иван Юрченконың айтуынша жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы бойынша бұл салаға 6,2 миллиард теңге бөлінген. Жалпы аталған бағдарлама бойынша 72 жобаны жүзеге асыруға 10,9 миллиард теңге қаржы бөлініп, жұмыспен қамту орталықтары арқылы 1364 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр. Басқарма басшысы қазіргі таңда 56 жоба бойынша келісімшарттар жасалып, 16 бойынша конкурстық рәсімдердің басталғанын, келісімшарттар бекітілуге таяу екенін атап өтті.

Ағымдағы жылы облыстың бірқатар ауылдарында жылыту қазандықтарына жөндеу жүргізілмек. Бұл шалғай елдімекендердегі ауылдарда қосымша 61 көп қабатты үйлерді, 454 жеке тұрғын үйлерді және 31 әлеуметтік және мәдени нысандарды орталықтандырылған жылуға қосуға мүмкіндік бермек. Алдағы Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына әзірлік шеңберінде Көкшетау қаласындағы жаңа құрылыстар мен нысандарды тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін ТМ-2 жылу магистралін жалпы сомасы 2,6 миллиард теңгеге жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, – деді Иван Юрченко.

Мұнымен қоса, бағдарлама бойынша КрасноЯр селосында аяқталуы келесі жылға жоспарланған жылумен қамту желілерінің құрылысы басталған. 2021 жылы жүзеге асырылатын жоба тағы 110 Красноярлық отбасыларды орталықтандырылған жылуға қосуға мүмкіндік бермек.

Ал Бурабай ауданында жылыту қазандықтары мен жылу желілерін жөндейтін 20 нысанға 2,1 миллиард теңге бөлінген. Мұнда Бурабай кентіндегі тозығы жеткен қазандықты кеңейтуді қажет ететін нысан алғашқы кезекте жасалу үстінде.

Майра Қуанышқызы.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img