spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
4.6 C
Kokshetau

Ақмолалық құтқарушылар Шығыс Қазақстан облысындағы орман өртін сөндіріп қайтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданындағы орман өртін сөндіріп кері оралды, – деп хабарлайды «Aqmola news» облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін МИ-26 тікұшағы Шығыс Қазақстан облысынан Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 30 сарбазымен кері оралды. Жеке құрам сарбаздары Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы орман өртін сөндіру кезінде қойылған міндеттерді толықтай мүлтіксіз орындады. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамның сарбаздарына жүктелген тапсырмаларды абыроймен атқарғандары үшін зор алғыс білдіреді, – деді ТЖД азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы Асхат Ақылжанов.

Естеріңізге сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысында ірі орман өрті болып, оған көмекке Ақмола облысының құтқарушылары да аттанған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img