spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетауда әлеуметтік маңызды азық-түлік бағаларына рейд өткізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласының ірі азық-түлік базарларына кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мамандары рейд шараларын ұйымдастырды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Мамандар «Орталық базар», «Рубин» сауда үйлеріндегі азық-түлік бағаларын назарға алды.

Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика мен сауда және интеграция министрліктерімен төтенше жағдай кезеңінде алғашқы қажетті азық-түлік өнімдеріне шекті бағаларды енгізу туралы келісімге қол қойылған. Оған сәйкес бірінші сұрыпты ұн 148 теңге, нанның килограммы – 160 теңге, түтік кеспе 215 теңге, қарақұмық жармасы 339 теңге, күріш 307 теңге, сиыр еті 1800, он жұмыртқа – 267 теңге, күнбағыс майы – 417 теңге және «Экстра» тұзынан басқа тұздар 51 теңгеден аспауы тиіс. Алайда жүргізілген тексеріс барысында бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Мәселен тұз, түтік кеспе, қарақұмық жармасы мен күріштің бағасы министрліктер бекіткен бағадан әлдеқайда қымбат болып шықты. Мамандар сауда нүктелеріне екі күн ішінде бағаны қалыпқа келтіруге хабарлама қалдырды. Талапқа сәйкес бағаны негізсіз көтерген жағдайда 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал заңбұзушылық қайталанған жағдайда 200 АЕК еселенбек.

Сатушылар бағаны неліктен көтергенін түсіндірді.

Олардың айтуынша, азық-түлік өнімдерін жеткізушілердің бағасы қымбат. Сондықтан бағаны реттеуді жеткізушілерден бастау қажет деп есептейді.

Қарақұмық жармасын біз 385 теңгеден аламыз. Ал оны 339 теңгеден сату бізге тиімсіз. Сондықтан қымбат болуына байланысты оған тапсырыс бермейміз. Тұзды біз 46 теңгеден сатып аламыз. Сондықтан, 55 теңгеден қоюға мәжбүрміз. Макарондардың ескі құны бойынша 350 теңгеден алдық. Ал, оны 215 теңгеден қалай сатпақпыз? Менің жалақым сатуға тікелей байланысты. Отбасымды осымен асыраймын. Біз бұған дейін де бағалар бекітілген жаднамаларды алдық. Алайда, жеткізуші зауыттар бағаны реттемей, біз бағаны төмендете алмаймыз, – дейді Виктория Грищенко.

Ал базар әкімшісі Нүрия Байсалбаеваның айтуынша басшылық бағалардың шамадан тыс өсуін бақылап реттеуге тырысатынын жеткізді.

Карантин уақытында сауда орнында барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтаудамыз. Сатушылар үшін арақашықтықтарды белгілеп, сауда нүктелерінің иелерімен бағаны төмендету жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Сатушылар, бетперделер және антисептикалық құралдармен қамтамасыз етілген, – дейді ол.

Рейд шарасын ұйымдастырушылар бағаны реттеуді қолға алмақ.

Біз азық-түлік  өнімдерін жеткізушілермен де сөйлестік. Карантин уақытында бекітілген бағада құнын түзету қажеттігін түсіндірдік. Біз бірден жеке кәсіпкерлер мен сатушыларға айыппұл сала алмаймыз. Сондықтан түсіністік танытып, шыдамды болуға шақырамыз. Сатушыларға тағы екі күннен кейін рейд өткізіп, егер қайталанған жағдайда заңбұзушыларды жазалайтын боламыз, – деді кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Андрей Подгурский.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img