spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau

Браконьерлер заңсыз аң аулап 2 200 000 теңгеге шығын келтірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер ұсталды. Олардың келтірген шығыны 2 миллион теңгеден асады, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақкөл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне «Кеңес» орман шаруашылығы директоры хабарласып, «Құзған» аңшылық шаруашылығы аумағында белгісіз адамдардың заңсыз аң аулап жүргенін айтқан. «Оқиға орнына дереу орман шаруашылығының қызметкерлері мен жедел тергеу тобы жетті. Аңшылық шаруашылық аумағын тексеру кезінде Нұр-Сұлтан қаласының 39 жастағы және Ақкөл ауданы Рамадан ауылының 38 жастағы тұрғындары қолға түсті. Күдіктілерден атылған екі қабан, бір елік және қарда жүретін көлік тәркіленді. Олардың келтірген шығыны 2 200 000 теңгеге бағаланды. Сонымен қатар, браконьерлерден алынған қарудың құқық қорғау органдарында тіркелмегені анықталды», – дейді баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде, «заңсыз аңшылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталмыш бапта қарастырылған санкция бойынша күдіктілерге 5 000 АЕК айыппұл, яғни, 13 миллион теңгеден астам немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Полиция қызметкерлері атап өткендей, бұл ағымдағы жылы тіркеліп отырған заңсыз аңшылықтың 9-оқиғасы болып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img