spot_img
Бейсенбі, Қазан 22, 2026
6.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» акцияларына 20-ға жуық сауда нысаны қатысуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика күніне орай Ақмола облысында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары өтуде. Бастама аясында өңірдегі 20-ға жуық сауда нысаны тұтынушыларға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен ұсынады.

Акциялар 17 қазанда басталды. Арнайы ұсыныстардың негізгі кезеңі 21–27 қазан аралығын қамтиды. Оған сауда үйлері, сауда орталықтары, супермаркеттер мен базарлар қатысуда. Тұрғындар күнделікті тұтынатын азық-түлік өнімдері мен тұрмыстық тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақмола облысы бойынша басшысы Самат Сайдалиннің айтуынша, акциялардың басты мақсаты – қажетті тауарлардың қолжетімділігін арттыру, тұтынушылық сұранысты қолдау, ішкі сауданы жандандыру және отандық өнімдердің өткізілуіне ықпал ету.

«Мұндай бастамалар тұрғындарға қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ішкі сауданы қолдап, тұтынушылық сұранысты арттыруға және отандық өнімдердің саудасын дамытуға бағытталған», – деп атап өтті Самат Сайдалин.

Акцияға қатысушылардың қатарында «Союз» сауда желісі де бар. Желінің коммерциялық директорының айтуынша, Республика күніне орай дүкендерде бірқатар тауарға 20%-дан 50%-ға дейін жеңілдіктер қарастырылған.

«Акция аясында тұрғындарға тиімді ұсыныстар жасауды жөн көрдік. Жеңілдіктер азық-түлік өнімдеріне де, тұрмыстық химия тауарларына да қолданылады. Атап айтқанда, жармалар, макарон өнімдері, тәттілер, шұжық өнімдері, сусындар мен шырындар, сондай-ақ тіс пасталары, сусабындар және тазалық құралдары жеңілдікпен ұсынылады. Тұрғындарды осы мүмкіндікті пайдаланып, қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға шақырамыз. Акцияға қатысатын өнімдер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі парақшамызда жариялап отырамыз», – деді ол.

«Republic Day» және «Bereke Fest» акциялары 27 қазанды қоса алғанға дейін жалғасады. Қатысушы сауда нысандары мен арнайы ұсыныстар туралы қосымша ақпаратты Ақмола облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсынан алуға болады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Зерендіде халықаралық «Қансонар-2026» турнирі қорытындыланды

Ақмола облысының Зеренді ауданындағы Айдарлы ауылында Мәсіп Батырханұлының есімімен аталатын халықаралық «Қансонар-2026» құсбегілік турнирі мәресіне жетті. Республика күні қарсаңында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика