spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
23.2 C
Kokshetau

Бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау станциясының темір жол төсемінде машинист 37 бас жылқыны басып кетті, – деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агентігі Polisia kz  порталына сілтеме жасап.

7 наурызда сағат 04.55-те Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөліміне «Қарағай-Уголки» аралығында жүк пойызының машинисі темір жол төсемінде үй жануарының болуына байланысты шұғыл тежеу қолданып 37 жылқыны қағып кеткендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Осы дерекке байланысты Зеренді ауданына Көкшетау станциясындағы жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобы шықты.

Көлік полицейлерімен жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде жылқылардың иесі Ақмола облысының 43-жастағы тұрғыны анықталды. Ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 559-бабы 1-бөлігі, яғни, темiр жолдардың бөлінген жолағында мал жаю қағидаларын бұзу бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика