spot_img
Жексенбі, Мамыр 12, 2024
16.2 C
Kokshetau

Аудан әкімдері атқа қонды

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды ауданы әкімдігінің ғимаратында Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Әбдіқалықовтың төрағалығымен аудандардағы ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және ветеринария салаларын дамыту бойынша кеңес өтті. Кеңеске 8 ауданның әкімдері мен орынбасарлары, ауыл шаруашылығы ветеринария және жер қатынастары бөлімдерінің басшылары, аграрлық ұйымдардың, қаржы институттарының, кредиттік серіктестіктердің өкілдері қатысты,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

«Өткен жылдың тәжірибесі барлық аудандарда тиісті түрде жұмыс ұйымдастырылмағанын көрсетті. Биылғы жылы қателіктерге жол берілмейді, сондықтан алға қойылған міндеттерді іске асыру бойынша негізгі мәселелерді талқылаймыз» – деп атап өтті облыс басшысының орынбасары Ғ.Әбдіқалықов.

Ғалымжан Кенжешұлы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарастырып, аудан әкімдіктеріне аудандар өнеркәсібі мен ауылшаруашылығына бағытталған бірқатар тапсырмалар берді. Егіс алқаптарына себілетін дақылдарды ұлғайту, аудандар өнеркәсібіне инвесторлар тарту, мал басын көбейту, әрбір ауданда кемінде бір сүт-тауар фермасын құру мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары аудан басшыларына мінддеттер жүктеді.

Жиында пайдаланылмайтын жерлерді айналымға кіргізу, елдімекендердің шекараларын белгілеу, халықтың жайылымдық жерлерге мұқтаждығын қанағаттандыру, өрістердің электрондық карталарын қалыптастыру, цифрландыру жұмыстары да пысықталып, аудан атқамінерлерінің назарына алынды.

ҚТҚ полигондарын салып, су объектілерінің ластануын болдырмау үшін экологиялық талаптардың орындалуын қадағалау да аудан басшыларының міндеті.

Өткен жылдың қорытындысында Шортанды ауданының әкімі Гайдар Қасенов БАҚ өкілдеріне ауылшаруашылығындағы өндіріс көлемі 21 миллиард теңгені құрағандығын жеткізген болатын. Дегенмен 222 мың гектар алқапқа себілген дәннен былтырғы жылғы құрқақшылық салдарынан ауылшаруашылық өнімдерін өндіріп алу жұмысы ойдағыдай нәтижеге жете алмаған.

Сонымен қатар Шортандыда арнайы комиссияның жүргізген тексеріс нәтижесінде жерді дұрыс пайдаланбаған серіктестіктердің салғырттығы белгіленіп, 8,8 мың гектар алаңда заң бұзушылықтар анықталған еді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жеңіс күніне орай ардагерге құрмет көрсетілді

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов пен депутат Саят Сыздықов тыл еңбеккері  Ксения Петровна Тюменцеваны Жеңіс күнімен құттықтады. Зеренді...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img