spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
11.1 C
Kokshetau

Музейдегі тосын сый!

Сондай-ақ...оқыңыз

Облыстық тарихи-өлкетану музейінде Петропавл қаласының Абылай хан резиденциясы мұражай кешенінің «Ордасы ұлы Абылайдың» атты көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жылжымалы көрмеге ертеде тұрмыста қолданылған торсық, батырлардың соғыста киген сақиналы сауыты мен майдан саймандары, Абылай ханның басқа елдермен жүргізген келіссөз құжаттарының көшірмелері сынды 40-қа жуық құнды жәдігерлер қойылды,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бұл көрме жылжымалы болғандықтан басқа да жәдігерлерді әкелуге мүмкіндік болмады. Жалпы музей қорында Абылай хан дәуірін қамтитын 500-ден астам дүние бар. Дегенмен Абылай бабамыздың ерлігін насихаттауға бағытталған көрме Көкше жерінде бір ай көлемінде тұрады. Содан соң, Шымкент қаласына апарып қоюды жоспарлап отырмыз, дейді Абылай хан резиденциясы музей кешенінің директоры Аян Садаев.

Көрме наурыз айының 15-не дейін облыстық тарихи-өлкетану музейінде келем деушілерді асыға күтетін болады. Студенттер мен мектеп оқушыларына көрме экскурсанттары Көкше жерінде 50 жылдай хандық құрып, қазақ халқының азаттығы үшін күрескен хан Абылайдың өмір жолын, соғыс кезіндегі қолданған айла тәсілдері туралы баяндамақ. Сонымен қатар келушілерге XVIII –ші ғасырға сапар шегуге мүмкіндік сыйламақ.

Абылай хан барша қазаққа ортақ тұлға. Көкшетаудың барлық жері Абылайға тесілі деп айта аламын. Бабамызды еске салатын Абылай хан алаңы, ескерткіші, үлкен ұлы Уәлихан кесенесі мен Кенесары үңгірі бар. Қазіргі кезде Абылай хан резиденциясы мұражай кешенімен бірлесіп меморандум жасадық. Алдағы уақытта бабамызды дәріптеу мақсатында ғылыми еңбек жасалатын болады,-дейді музей директоры Қуаныш Шақшақов.

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img