spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Жеке үлгідегі диплом беру кім үшін тиімді?

Сондай-ақ...оқыңыз

2021 жылдан бастап мемлекеттік үлгідегі диплом шығару тоқтатылып, жеке үлгідегі дипломдар қолданысқа енеді. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы жеке үлгідегі дипломға көшуге дайын екенін жеткізді,- деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Бұл енгізілген өзгерту туралы Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 39-шы бабында көрсетілген. Жоғары оқу орындарының жеке үлгідегі дипломға көшуі елдегі білім сапасы артуының жүйелі шешімі болмақ.

Осылайша әр оқу орнының деңгейіне сәйкес жауапкершіліктері де еселене түседі. Оқытушылардың айтуынша бұл әлемдік тәжірибеде сыналған қадам. Бүгінгі таңда, атағы айдай әлемге мәлім университеттер өз түлектеріне жеке дипломдарын табыстайды. Цифрлық Қазақстан үшін мұндай дипломның түлекке берер тиімді жақтары көп.

Елімізде жеке үлгідегі дипломдармен қызмет атқарып жүрген мамандар көп. «Болашақ» бағдарламасымен білім алып келген түлектердің дипломдары осы мазмұндас.

«Мұндағы негізгі мақсат оқу бітірген түлектердің жұмысқа орналасқаннан кейінгі деңгейі мен алған білімінің сапасын көрсетіп беру. Соған сәйкес жалақысы да жоғары болатындығына сенеміз. Бір бет қағаз ішінде кішкентай ғана чип болады. Сол чип арқылы жұмыс беруші жұмысқа орналасушы туралы мәліметті тез тауып алады. Қай жылдары бітірген, бағасы, өткен практикасы сынды мәліметтердің барлығын білуге болады. Бір бет қағаз деген соң көбі қабылдай алмай қалуы мүмкін. Олай болса әр оқу орны өз қолдарынан жасап тарата бермей ме деген ойлар болуы мүмкін. Мұндай күдіктің барлығы уақытпен дәлелденгенде сейіледі деп ойлаймын»,-дейді Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің проректоры Темірхан Жарқынбеков сайтымызға берген сұқбатында.

Ағымдағы оқу жылында «Білім туралы жеке үлгідегі құжаттардың нысаны мен толтыруға қойылатын талаптарды» анықтайтын ережелер әзірленбек. Диплом көшірмесіне жол бермеу жұмыстары, сондай-ақ бітірушінің оқу хронологиясын сәйкестендіретін QR-кодын енгізу жұмысы қолға алынбақ.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img