spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Ақмолалықтардың коронавирусқа дайындығы қалай?

Сондай-ақ...оқыңыз

Короновирус ауруына байланысты бүкіл Қазақстан аумағында және Ақмола облысында ешқандай белгілер анықталған жоқ. Дегенмен, Елордалық дәрігерлермен қатар еліміздің басқа да облыстарындағы ауруханалар вирустың жедел тарауына жол бермей, аурудың алдын алуға дайын болуы қажет,-деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Облыста ауруханаға жұқпалы аурудың бұл түрімен науқас түскен жағдайда оны емдейтін дайындықтар алдын ала пысықталып, басқа да аруханаларға қосымша төсек-орын орналастырылуда,-дейді облыс әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлімова аймақтық жиын отырысында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде аталған ауруды 4000 мыңға жуық адам жұқтырып үлгерген. Хубэй елдімекенінің 15 қаласында карантин жарияланды. Қаладан шығуға немесе өздері тұрып жатқан аймақтан басқа елдімекенге өтуге тиым салынған. Әлемнің 15 елінде коронавирустың расталған 60 жаңа түрі тіркеліп отыр.

Алайда, ДДҰ Женевадағы отырысынан кейін Қытаймен арадағы жағдайды мойындамады, төтенше жағдай деп қабылдамай, осыған байланысты әлемнің туристеріне ешқандай шектеу қоймады.

Респуликамызда өкпе ауруының туындауына арналған ұлттық жоба әзірленді. Әуежайлар мен теміржол вокзалдарында автоөткелдерде барлық адамдардың міндетті байланыссыз термометриясы енгізілді. Әсіресе, ҚХР-нан келушілер жіті бақыланып отыр.

– «Бүгінде қаңтардың 1-нен 28-не дейінгі аралықта ҚХР-нан облысымызға 13 адам келді. Оларға динамикалық бақылау орнатылды. Жағдайлары бірқалыпты. Барлығы аман сау. Қазіргі таңда облыста эпидемияға қарсы іс-шаралар кешені жүргізілуде. Барлық қалалар мен аудандарда оқыту өткізілді. Облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен

комиссия құрылды. Жұқпалы ауру тіркелген жағдайда реттеу туралы бұйрық шығарылды. Ауруға қарсы препараттар мен маскалардың жеткіліктілігіне мониторинг ұйымдастырылды. Бұдан басқа денсаулық сақтау министрлігіне қосымша қажетті заттарға сұрау жіберілді,- деп пікір білдірді Көкшетау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының жетекшісі Қанат Исқақов.

Денсаулық сақтау министрлігінде коронавирусқа қатысты сұрақтар мен ақпараттандыру бойынша Call-орталық құрылды. 1406,+7(717 2) 76-80-43 нөмірлері арқылы кез келген тұлға тәулік бойына аталған ауруға қатысты ақпараттар мен жалпы жағдайды біле алады.

Министрлік ауру белгілерінен сақтанып, тиісті шараларды қолдануға кеңес береді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img