spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 12, 2024
-6 C
Kokshetau

Мүгедектік 5 жылға белгіленетін аурулардың тізбесі бекітілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылға дейінгі ҚР мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, ересектерге мүгедектік 5 жыл мерзімге белгіленетін аурулар тізбесі бекітілді.

МӘС жүргізу қағидаларына өзгерістер мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің ұсынымдарына сәйкес енгізілді, оның құрамына мүгедектігі бар адамдардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кіреді. Олар оңалту болжамы қолайсыз аурулар бойынша қайта куәландырудан жиі өту қажеттігіне байланысты бірнеше рет қолайсыздықтарды атап өтті.

Осыған байланысты дене функцияларының ауыр бұзылуымен, оңалту болжамы күмәнді немесе қолайсыз 19 аурудың тізбесі жасалды, оған сәйкес мүгедектік 5 жылға белгіленуі мүмкін. Олардың ішінде интоксикация айқын білінетін қатерлі ісіктер, психика айқын бұзылған шизофрения, органдар мен организм функцияларының айқын білінетін біршама бұзылуымен қант диабеті, V сатыдағы созылмалы бүйрек аурулары және т.б. бар.

Осы белгілері бар мүгедектер 5 жылда бір рет қайта куәландырудан өтеді. Бұрын 18 жастан асқан адамдарға мүгедектік 1 жылға, 2 жылға немесе мерзімсіз берілді.

Сонымен қатар, емдеуге келмейтін анатомиялық дефектілер тізбесі кеңейтілді. Сондай дефектілері бар 18 жастан асқан адамдарға мүгедектіктің екінші тобы қайта куәландырудан өтпестен белгіленеді. Тізбеге қан диабеті мен Лериш синдромы аясындағы екі аяқтың ампутациясы, 16 жасқа дейін балаға мүгедектікті алғаш белгілеген кезде орташа ақыл-ой кемістігі (имбецильділік) және түрлі генездегі ақыл-ой кемістігінің тиісті дәрежесі, екі аяқтың тұрақты білінетін парездерімен және білінетін шоғырланған гиперкинездермен қозғалудағы бұзылулар (гемипарез, парапарез, трипарез, тетрапарез) қосымша енгізілді.

Бұдан басқа, 16 жасқа дейінгі бала мүгедек деп танылатын медициналық көрсетілімдердің тізбесі кеңейтілді. Мәселен, мүгедектікті 5 жыл мерзімге белгілеу үшін қолданыстағы көрсетілімдер тізбесіне балалар аутизмі, Аспергер синдромы, атипикалық аутизм, сондай-ақ қайта куәландыру кезінде 1 және 2 типті қант диабеті және т. б. қосылды. 16 жасқа дейінгі мүгедектік терінің тұқым қуалайтын аурулары, Даун және Ретт синдромдары, үдемелі бұлшықет дистрофиясы, туа біткен миопатиямен және аутизммен, Аспергер синдромымен, атиптік аутизммен ауыратын балаларды қайта куәландыру кезінде белгіленеді.

Сондай-ақ, денсаулық жағдайы өзгергенде бұдан бұрын белгіленген мүгедектік мерзімі мен еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін қайта куәландыру тәртібі регламенттелді. Енді мүгедектер денсаулық жағдайы нашарлаған, сондай-ақ жақсарғанда да қайта куәландыруға жіберілетін болады.

Тағы бір жаңалық – Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің отырыстарын өткізу барысында аудио-және бейнежазба құралдарын пайдалану болып табылады.

Бұйрық 2020 жылғы қаңтарда күшіне енеді.

https://www.enbek.gov.kz/kk/node/365423

Бұйрық мәтінімен мына жерден танысуға болады: https://www.enbek.gov.kz/ru/node/365402

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Асыл Мұра» жылдың үздік хореографиялық ұжымы атанды

14 желтоқсан күні "Достар" мәдениет сарайындаАқмола облысы мәдениет басқармасы жанындағыоблыстық халық шығармашылығы және мәденидемалыс орталығы ұйымдастырған "Жыл үздігі –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img