spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Мәншүк ауылында балабақша ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Целиноград ауданының әкімі Малғаждар Таткеевтің қатысуымен Тәуелсіздік күні қарсаңында Мәншүк ауылында 150 орындық балабақша салтанатты жағдайда ашылды деп хабарлайды «Aqmola news» ақпараттық агенттігі.

Мектепке дейінгі білім беру мекемесі жергілікті кәсіпорын «Мәншүк-АЭ» ЖШС есебінен қайта құрылды.

– Қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемені қайта құру – бұл біздің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, кезекті қадам. Балабақша ата-аналары босағанша уақыт өткізетін орын ғана емес, бұл балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін өмірдегі алғашқы әлеуметтік институт. Осы балабақшаға келген балалар жақын арада өзінің кіші отанының тарихын жалғастырады. Олар өз ата-бабаларының даңқты істерімен таныса бастайды! Осы қонақжай қабырғаларда балалар әрдайым жақсылық пен түсіністікті сезінеді. Тәрбиешілер мен педагогтар осы балабақшада өздерінің жас тәрбиеленушілерін жан-жақты дамыту үшін барлық жағдай жасайтынына сенімдімін», – деп атап өтті аудан әкімі Малғаждар Саттарұлы.

Балабақшаның жалпы ауданы 582,3 шаршы метр. Бүлдіршіндерге арналған жайлы 2 қабатты ғимаратта барлық қажетті технологиялық жабдықтар орнатылған. Оның ішінде ас блогы, кір жуу бөлмесі және медициналық кабинет бар. Жаңа балабақшада санитарлық нормалар талаптарына сай келетін балалар жатын орындары мен ойын бөлмелері қарастырылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img