spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
14.7 C
Kokshetau

Көкшелік дәрігерлер жүрекке ашық ота жасаудан алда келеді!

Сондай-ақ...оқыңыз

Осыдан 10 жыл бұрын 2009 жылдың 9 желтоқсанында Көкшетауда ақмолалық дәрігерлер алғаш рет  жүрекке ашық ота жасаған болатын.Осы жылдар аралығында кардиохирургтарымыз1700-ге жуық отаны жүргізген деп хабарлайды «Aqmola news» ақпараттық агенттігі.

Жыл сайын облыстық көпсалалы ауруханасында 200-дей жүрекке ашық ота жасалады екен.

Бүгінде Андрей Смирновке Көкшетауда  кардиохирург Нұрлан Минайдаров дәл осы отаны сәтті жасаған.Сол себепті ол ақмолалық дәрігерлерге алғысын жаудырып келеді.

Мен енді толыққанды өмір сүре аламын, ота жасалынғаннан кейін екі аптадан соң, көлік жүргізіп, жұмысыма оралдым. Демікпе де жоқ, басқа да аурулардың белгілері де білінбейді. 40 жыл бойы жүрегіңнің ауыратынын біле жүріп өмір сүру, оған отаның қажеттігін ойлау қандай қиын десеңізші…Ал қазір бәрі ұмытылып, жарты жылда бір рет қана тексеріліп тұрамын. Физикалық нормаға сәйкес тіпті, 50 рет тартыла аламын, – дейді күліп Андрей Смирнов.

Жүрек орталығында Н. Минайдаров, Ермек Торсықбаев, Лаура Адильбекова сынды кардиохирург дәрігерлер қызмет етіп келеді. Н. Минайдаров облыстық көпсалалы ауруханасының кардиохирургия бөлімінің меңгерушісі. Алты баланың әкесі, білікті дәрігер.Өз ісінің білгірі «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы. Нұрлан Сәбитұлы жүрек орталығының негізін қалаушы ретінде өз қолымен екі мыңға жуық ота жасаған талантты кардиохирург.

Егер хирургия жайлы айтар болсақ, ең күрделісі бұл-кардиохирургия дер едім.Ұстазымыз Сейитхан Шұбайұлыша айтсақ, кардиохирургия  тіпті, ғарышқа ұшумен пара пар! – деп ағынан жарылды дәрігер.

1957 жылдар мен 2007жылға дейін бар жоғы 400 ғана жүрекке ота жасалғанын айта кету қажет. Ал қазір Қазақстанда мұндай ота тек бір жылда ғана іске асып отыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img