spot_img
Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau

Ақмолада 412 шақырым жол жаңартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жалпы Ақмола облысындағы автокөлік жолдарының ұзындығы 7886,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде республикалық, облыстық және аудандық маңызға ие жолдар бар. Әбден тозған жолдардың ой-шұңқыры көбейіп, тіпті көлік жүре алмайтын деңгейге жеткені рас. Осыған орай маңызды жолдарға жөндеу жүргізілуде. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы өңірдегі жолдарды жөндеу және қалпына келтіруге барынша назар аударда, деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Облыстық басқарманың деректеріне сенсек автомобиль жолдарын жөндеуге жалпы көлемі 21,6 миллиард теңге бөлінген. Атап айтқанда, республикалық бюджеттен 14,7 миллиард, облыстық бюджеттен 6,9 миллиард теңге бөлінді. Осылайша жалпы көлемі 412 шақырым жолдар жөнделген. Сондай-ақ, жолдарды жөндеумен бірге су өткізу құбырлары мен жол белгілері мен бағандарын да жөндеу жоспарланған, – дейді Ақмола облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жаңгасканов.

Басқарма басшысының айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы елдімекендерді әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары және 2020жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы шеңберінде де біршама жұмыстар атқарылған. 2020 жылдың соңына дейін Аршалы, Зеренді, Целиноград аудандарындағы әбден тозығы жеткен жолдарға орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жасалмақ. Ал өңірлерді дамытудың 2020 бағдарламасына сәйкес 15 аудан орталықтары мен елдімекендер атап айтқанда Степногорск қаласы, сонымен қатар Аршалы, Астрахан, Ақкөл, Бұланды, Егіндіөкл, Жақсы, Есіл, Жарқайың, Зеренді Сандықтау және Біржан сал аудандарындағы жолдарды жөндеу жоспарланған.

Арсен Жаңгасқанов сондай ақ Көкшетау, Степногорск қалаларының ішкі жолдары мен аудандық маңызға ие жолдардың да назардан тыс қалмағанын алға тартты.

Атап айтқанда Көкшетау қаласындағы Қылшақты өзені арқылы өтетін көпірді қалпына келтіру, Степногорск қаласында «Степногорск – Өнеркәсіп аймағы» учаскесіндегі жолдарды жөндеу жұмыстарына қаражат бөлу көзделіпті. Ал Бурабай ауданында «Горный» шағын ауданында 800 орындық кірме жол салу, Астрахан ауданында «Старый Колутон» селосына кіретін жолды күрделі жөндеу қарастырылып отыр, – деді басқарма басшысы.

Әсіресе, облыстық және аудандық маңызға ие автокөлік жолдарына жобалық-сметалық құжаттама жасауға баса назар аударылуда. Мәселен, «Көкшетау – Рузаевка», «Щучинск – Зеренді», тас жолдарын орташа жөндеуге жобалық-сметалық құжаттамалар жасалған.Басқарма барлық жолдарды қалпына келтіру және ағымдағы жөндеу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізуде.

Осы жылы алдағы Ресей менн Қазақстанның аймақ аралық ынтымақтастық жөніндегі форумының Көкшетау қаласында өткізілуіне байланысты облыс орталығын осы маңызды шараға әзірлеу қазірден бастап қолға алынып жатыр. Үкіметтен қаланың жолдарын жөндеуге біршама қаражат бөлінді. Оған сәйкес Қопа көлінің жағасын бойлай көшені, Васильков және Центральный ықшам аудандарындағы жолдарды, Сүлейменов көшесінен бастап Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына дейінгі жолдар жөнделетін болады, – дейді басқарма басшысы.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрылыс басындағы әр сәтті тиімді пайдалану керек

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Бұланды ауданына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған жаңа тұрғын үйлердің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img