spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
-0.8 C
Kokshetau

Көкшетауда мұз қалашығы биыл да ерекше болады деп күтілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Бәрімізге белгілі Көкшетау  қаласының орталық  алаңындағы мұздан дайындалатын қалашық  жыл сайын әртүрлі ерекше архитектуралық үлгіде жасалады. Шеберлердің тың туындылары әр жыл сайын  көкшетаулықтарды және қала тұрғындарын таңқалдырып келеді.Ал биылғысы тіптен керемет болмақ! Әсіресе балалар ғажайып ертегі әлеміне еніп кеткендей әсер алары сөзсіз… Сондықтан да жыл сайын мұндай тосын сыйды кішкентай бүлдіршіндер асыға күтеді.

Қазірден бастап қызу  дайындық басталып, Қопа көлінен әкелінген мұз кесектерінен қалашық дуалы салынды.

Ал мұз қоршауының ішіндегі мүсіндерді арнайы ұйымдастырылған  байқау жеңімпазы соғатын болады. Қалалық әкімшіліктің жариялаған байқауына мүсіншілерден  21 өтінім келіп түскен.  Оның ішінен үшеуі іріктелініп алынып,7162 akimdigi Инстагарм парақшасында» ең үздік жобаға» халықтық дауысқа салынған! Дауыс береу 9 желтоқсаннан басталып, 11желтоқсан 15 00 -ге дейін жалғасады. Құлаққағыс ретінде дауыс беру үшін жоғарыда көрсетілген парақшаға кіріп, жазылып, лүпіл басып, пікір қалдыруларыңыз қажеттігін ескертеміз. Көп лүпіл жинап, пікір жазылған  жоба үздік атанып, жеңімпаз болған мүсінші қаламыздың Бас мұз қалашығының кейіпкерлерін мүсіндейтін болады.

Көкшетаудағы мұз қалашығын дайындауға 600 куб мұз, 100 куб қар қажет болады деп жоспарлануда.Жалпы қаламыздағы бас шыршаның шамы  27 желтоқсанда жанады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика