spot_img
Сәрсенбі, Қазан 7, 2026
2.2 C
Kokshetau

Қазақстанда тұрғын үй бағасы тағы қымбаттады

Сондай-ақ...оқыңыз

2020 жылдың қазан айында жаңа үйлердегі пәтердің бір шаршы метрі орта есеппен, 305,3 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5,3 пайызға қымбат. Ал, бір айда (қыркүйекпен салыстырғанда) баға 0,5 пайызға артып отыр, деп хабарлайды «Aqmola News» Finprom.kz. -ке сілтеме жасап.

Бағаның айтарлықтай шарықтауы елордада тіркелді: мұнда жаңа баспананың бір шаршы метрі 6 пайызға қымбаттап, 388,8 мың теңгені құрады. Екінші орында Алматы – 360,1 мың теңге (+2,6%), үшінші орында Шымкент – 333,3 мың теңге (+2,2%) және Атырау – 326,1 мың теңге (баға өзгермеген).

Ал екінші деңгейлі нарықтағы дайын үйлердің құны 11,1 пайызға қымбаттаған – мұнда әр шаршы метрі үшін 220,7 мың теңге. Бұл нарықта да ең қымбат баспана елордада – шаршы метріне 375,6 мың теңге (+4,3%), Алматы – 370,7 мың теңге (+1,1%), Атырау – 264,2 мың теңге және Ақтау – 249,3 мың теңге.

Тегтер: 
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

ІІМ «Балаларға назар аударыңыз!» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысын шығарды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне қатысты заңнама...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика