spot_img
Сейсенбі, Мамыр 12, 2026
17.2 C
Kokshetau

Ақмолада автокөлік ұрлаған жігіт сол көлікпен аударылып көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданының Қарабауыр ауылында белгісіз біреулер «Volkswagen Golf 3» маркалы автокөлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі ауқытта аталған факт бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалған.

Қарабауыр ауылының тұрғыны осы жылдың 9 қарашасында Бурабай аудандық полиция бөліміне көлігінің ұрлап кеткені туралы 48 жастағы тұрғын келіп арызданған.

Аудандық полиция бөліміне келген Қарабауыр ауылының тұрғыны түн ішінде көлігін біреулердің жымқырып кеткенін хабарлаған. Дереу жедел-іздестіру шаралары ұйымдастырылып, осы ауылдың 22 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол автокөлікпен Абылайхан ауылы бағытында «Дорофеевка-Зеленый Бор» бойындағы жолда Қызылағаш ауылына таман тұста рөлге ие болмай көлікті аударып тастаған. Полиция жол жиегіне аударылып түскен көлікті іздеп тапты. Жол апаты салдарынан көлікті ұрлап кеткен жігіт оқиға орнында көз жұмыпты Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 200 бабы 1 тармағына «Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды., – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 345 бабының 3 бөлігі «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шайбалы хоккейден Қазақстанның ерлер құрамасы элиталық дивизионға шықты

Шайбалы хоккейден Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан I дивизионның әлем чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Украинаны жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика