spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 8, 2024
12.3 C
Kokshetau

Егіндікөлде «Бастау Бизнес» бағдарламасымен оқыған тұрғын өз кәсібін ашты

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысында «Бастау Бизнес» бағдарламасы арқылы істің көзін тауып өз бизнесін ашып жатқандар баршылық. Солардың бірі Егіндікөл ауданының тұрғыны Гаухар Құсайынова мемлекеттік грантқа ие болып кәсібінен нәсіп тауып отыр, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алған ауыл тұрғыны өз ісін одан әрі жандандыруға мүмкіндік алыпты.
«Ағылшын тілі мамандығы бойынша оқытушы болып білім алып, мұғалім болып бала тәрбиесімен айналыстым. Кейде репетитор болып таныс адамдардың балаларына білгенімді үйрететінмін. Сөйтіп «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқуға жазылуды жөн деп шештім. Кәсіпкерліктің алғашқы базалық білім алып, өзімнің жеке бизнес жоспарымы жасадым. Комиссия менің жобамды қарастыра келе грант алуға мүмкіндік берді, – дейді Гаухар Құсайынова.
Өз жобасын сәтті қорғап шыққан Гаухар алған қаражатқа қажетті құрал-жабдықтарын сатып алған. Жеке кәсіпкер болып тіркелуіне де аудандық кәсіпкерлер филиалының кеңесшілері көмегін берген. Олар жобаны одан әрі жүргізуге де толығымен қолдау көрсетуде.
Пандемияға байланысты оқу арнайы қосымша арқылы оқыту онлайн түрде өткізілді. Студенттер мен оқушылар және барлық ағылшын тілін үйренуге ниет білдіргендерден топ жинақтау жоспарланады. Белгілі бір санат бойынша балаларға жеңілдікті оқу бекітілмек.
«Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды жүзеге асыру шеңберінде Егіндікөл ауданында 113 адам оқытылса, соның 39-і қаржыландырылып өзінің кәсіптерін ашқан. 
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img