spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Петропавл қаласынан келетін жолаушыларда ПТР тест нәтижесі болуы міндетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола обылысының темір жол тасымалында жаңа өзгерістер пайда болды. Бұдан кейін пойыздар ең ірі станцияларға ғана тоқтайды. Ал Петрапавл қаласынан келетін жолаушылардың өздерімен бірге ПТР тест нәтижесінің қорытындысы болуы міндетті,-деп хабарлайды «Aqmola News». 

Ақмола облысы темір жол вокзалы аумағына қатысты енгізілген жаңа ережелер туралы «Көкшетау» темір жол вокзалы станциясының бастығы Роза Арыстанқызы айтып берді.

Ақмола облысының эпидемиялогиялық жағдайына байланысты енгізілген жаңа ереже 9 қарашадан бастап күшіне енді.

Вокзал аумағына кірерде жол жүру құжаттарының барлығы болуы міндетті. Шығарып салушылар ішке кіргізілмейді. ПТР тест нәтижесі тек Петропавл қаласынан келушілерде болуы міндетті. Егер жолаушы Көкшетаудан Нұр-Сұлтанға немесе Нұр-Сұлтаннан Көкшетауға келсе, ПТР тест талап етілмейді,-дейді Роза Арыстанқызы.

Бұл өзгерістер пойыздардың жүру жиілігіне әсер етті. Енді күн сайын жүретін пойыздар араға күн салып жүретін болады.

Бұдан кейін пойыздар шағын станцияларға тоқтамайды. Мұндай шағын станциялардан билет сатып алған жолаушылар билет ақысын комиссиясыз, артық төлемдерсіз толық қайтарып алуға құқылы,-деді Роза Арыстанқызы сұқбат барысында.

Темір жол вокзалы бастығының сөзінше, электр пойыздарының жүру тәртібі әлі бекітілген жоқ. Мұндай пойыздар әзірге барлық станцияларда тоқтайды.

Вокзалда бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық талаптар қатаң орындалады. Кіре берісте жолаушыларды тексерістен өткізетін, дезинфекция жасайтын медициналық құрылғы орнатылған.Ол жерде медициналық білімі бар мамандар кезекшілікте тұрады. Егер жолаушыда жоғары дене қызуы болса, карантин бұрышына апарып,жедел жәрдем келгенше науқас туралы деректерді дайындайды,-Роза Арыстанқызы.

Ал, вокзал өз жұмысын штаттық режимде жалғастыруда. Коронавирустың бірінші толқыны кезіндегідей нысан толық жабылмайды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img