spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Көкшетауда ПТР тест қорытындысынсыз кіруге тыйым салынады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойылды. Көкшетау коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың күрт көбеюіне байланысты «Сары аймақ» қатарына кірді. Оған сәйкес карантин аймағына коронавирус індетінің ПТР тестінсіз кіруге рұқсат етілмейді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Жаңа қаулы ережелеріне сәйкес Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы, Чайкино және Станционный кентінде кешкі 21:00-ден таңғы алтыға дейін жүруге, ал түнгі 23:00-ден таңғы алтыға дейін автокөліктердің жүруіне тыйым салынды. Отбасылық шараларды өткізуге, қоғамдық тамақтану нысандарында бұқаралық ісшаралар ұйымдастыруға және баруға тыйым салынды.

65 жастан асқан адамдарға алғашқы қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу яки шұғыл жағдаймен медицина мекемеге барудан басқа жағдайда үйден шықпау ұсынылды.

Ал жерлеу рәсімінде отбасы мүшелерінен 30 адамнан аспайтын ғана адам жиналуына рұқсат етілді.

Барлық көңіл көтеру орындары (караоке, түнгі клубтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары компьютерлік клубтар т.б) жұмыстарына тыйым салынады.

        Коронавирус инфекциясына шалдыққан адамдардың еселеп көбеюіне байланысты біз «сары аймаққа» кірдік. Әсіресе, соңғы мәліметтер бойынша Көкшетау, Бурабай, Степногорск және Біржан сал аудандарында індетке шалдыққандар күрт артқан. Енді Ақмола облысының аумағына ПТР тест қорытындысынсыз өткізілмейді. ПТР тест 9 мың теңге тұрады және ол тек үш күнге ғана жарамды, – дейді облыстың бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина.

Сондай-ақ, қаулыға сәйкес ашық аспан астындағы аттракциондардың жұмысына, мәдениет нысандарына, театр және кинотеатр қызметіне тыйым салынды. Азық-түлік дүкендері таңғы 09:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істемек. Ал 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік сатпайтын сауда орындары таңғы 10:00-ден кешкі 19:00- ге дейін сенбі кешкі 17:00-ге дейін жұмысын жалғастырады.

Қоғамдық тамақтану нысандарына 50 пайыздық қуатпен тек 30 орынға ғана жұмыс жасауға рұқсат етілмек. Ал демалыс және мереке күндері тек жеткізуді жүзеге асыратын нысандардың қызмет етеді.

Қоғамдық көліктерге жұмыс уақытын таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, сенбі күндері таңғы сегізден 10:00-ге дейін және кешкі 17:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Шаштараз, сән салондары алдын ала жазылу тәртібі бойынша таңғы 08.00-ден кешкі 19:00-ге дейін, монша және сауналар таңғы 08:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмысына рұқсат берілді.

Қаулы 13 қараша күні түнгі 00:00-ден бастап күшіне енбек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img