spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
8.4 C
Kokshetau

Армян халқы үшін ауыр шешім қабылдадым – Армения премьер-министрі Никол Пашинян

Сондай-ақ...оқыңыз

Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты 10 қарашаға қараған түні сағат 01:00-де тоқтату туралы мәлімдемеге қол қойғанын айтты. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Қымбатты отандастар, әпкелер мен бауырлар. Мен өзім үшін және бәріміз үшін өте ауыр шешім қабылдадым. Мен Ресей және Әзербайжан президенттерімен Таулы Қарабақтағы соғысты сағат 01:00-де аяқтау туралы мәлімдемеге қол қойдым. Жарияланған мәлімдеменің мәтіні мен үшін және халқымыз үшін ауыр», – деп жазды ол.

Армения үкіметінің басшысы мұндай шешімге қалай келгенін де түсіндірді.

«Мұндай шешімді әскери жағдайды талдап және бәрінен жақсы білетін адамдардың бағасына қарап қабылдадым. Сондай-ақ ол осы жағдайдағы ең дұрыс шешім деген сенімге негізделді. Жақын күндері бұл шешім туралы толық айтып беремін.

Бұл – жеңіс емес, бірақ өздеріңіз жеңілдік деп мойындамағанша, жеңіліс те болмайды. Біз ешқашан өзімізді жеңілдік деп мойындамаймыз және бұл жаңа ұлттық бірігу мен өрлеу дәуірінің басталуы болу керек.

Бізге болашағымызды жоспарлау және өткендегі қателікті қайталамау үшін тәуелсіздік жылдарымызды саралауымыз керек», – деп тоқталды Н. Пашинян.

Никол Пашинян отанын қорғауға жанын салған барша армениялықтың алдында басын иетінін айтты.

«Мен осы соғыста зардап шеккен барша жанның алдында тіземді бүгемін. Отанымызды қорғаған және жанын қиған барлық әскер, офицер, генерал, еріктілер алдында бас иемін. Олар Арцахтағы армяндарды жанкештілікпен қорғады. Біз соңына дейін күрестік. Және біз жеңеміз. Арцах орнында. Жасасын Армения! Арцах жасасын!» – делінген Пашинянның үндеуінде.

Осы мәлімдемелерден кейін Арменияда тәртіпсіздік басталды. Ереванда наразылық білдірушілер үкімет үйіне басып кірді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Достық пен татулықтың ордасы

Қаламыздағы «Достық және шығармашылық үйі» 2005 жылы ашылып, қалада құрылып жатқан этно-мәдени бірлестіктер мен ұлттық орталықтардың келісімі мен татулығының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img