spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында 880 өзіне өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді

Сондай-ақ...оқыңыз
Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мемлекеттік органдардың электронды түрде көрсететін қызметтерінің үлесі артқанын мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».
Департамент басшысы орынбасарының мәліметінше жыл басынан бері мемлекеттік қызметтердің 94% электронды түрде көрсетілген. Бұл көрсеткіш өткен жылы тек 83%-ды ғана құраған.
Департамент басшысының орынбасары өңірде көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету санының артып келе жатқанын да атап өтті. Спикердің айтуынша Ақмола облысында соңғы тоғыз айда 4 миллион 569 221 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілген.
«Шағымдар санының тұрақты төмендеуі байқалады. Мысалы, егер 2018 жылы 60 шағым қаралса, 2019 жылы 39 өтініш келіп түсті. Осы жылы барлығы 25 шағым қаралды», – деп атап өтті Дархан Хайруллин.
Бұл үрдіс ең алдымен азаматтармен, сондай-ақ қызмет көрсетушілермен түсіндіру іс-шараларын жүргізуге байланысты.
«Әкімдіктердің, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарының ғимараттарында және жалпыға қолжетімді басқа да орындарда 880 өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді, онда еріктілер азаматтарды Egov.kz порталымен жұмыс істеу дағдыларына үйретеді. Барлық бұрыштар қажетті компьютерлік техникамен және перифериялық құрылғылармен жабдықталған» – деді департамент басшысының орынбасары.
Көкшетау қаласындағы жалпыға қолжетімді орындарында орналасқан бұрыштардың мекенжайларын 2GIS мобильді қосымшасынан табуға болады.
Департамент «Шанс» қоғамдық қорымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қызметтерді электронды түрде алу дағдыларына оқытты. Бұл бағыттағы жұмыс оларға уақыт және қаржы шығындарын азайтып, анықтамалар, куәліктер, рұқсат беру және басқа да қажетті құжаттар алуды жеңілдетуге әрі жылдамдатуға мүмкіндік берді, – деді Дархан Хайруллин.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img