spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 25, 2025
15.4 C
Kokshetau

Шортанды: Аграрлық салаға білікті жас мамандар жетіспейді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламент Сенатының депутаттарының Шортанды ауданына сапары кезінде аудандағы шаруа қожалықтарының басшылары білікті жас мамандардың жетіспейтіні жөнінде мәселе көтерді,-деп хабарлайды «Aqmola News.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту бойынша өткізілген кеңесте не себепті білікті жас мамандардың жетіспей жатқандағы қозғалды.

«Ауылға жоғары білімді жас мамандарды тартуда көптеген проблема бар. Бізде «Дипломмен – ауылға« бағдарламасы өте жақсы. Бірақ, өкінішке орай, бұл бағдарламаның орындалу сапасы төмен», – деді сенатор Ақылбек Күрішбаев

Парламентшілер аграрлық жоғары оқу орындарын бітірген жас мамандардың 100% тек 30% ғана ауылға оралатынын атап өтті.

Ауылдардағы жұмыссыздықтан тұрғындар қалаға қоныс аударатындығы жасырын емес.

Бұл тек Шортанды ауданында ғана туындаған мәселе емес деді депутаттар – Еліміздің көптеген ауылдарында осыған ұқсас жағдай қалыптасып отыр.

Дегенмен  «Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың жол картасы» сияқты мемлекеттік бағдарламалардың арқасында ауылдық елді мекендер жандана бастады. Әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

Сондықтан ауыл халқының бар үміті осы бағдарламаның одан әрі жүзеге асырылуында болып отыр.

Сапар соңында халық қалаулары өңірдегі барлық мәселелер мен ұсыныстарды Үкіметке және тиісті мемлекеттік органдарға жіберілетіндігін айтты.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика