spot_img
Жексенбі, Желтоқсан 14, 2025
-6.8 C
Kokshetau

Целиноград ауданында батыр-ана Ауған соғысында қаза болған ұлына көше атауын беруді өтінді

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Целиноград ауданының әкімі Бахидбек Оспанбеков азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады, – хабарлайды «Aqmola News» Целиноград ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аудан әкіміне жалпы бес адам түрлі мәселелерімен кірді.

Қабылдауға кірген Қараөткел ауылындағы Батыр ана Ауған соғысында қаза болған ұлының есімін ауыл көшелерінің біріне беруді өтінді. Ал Оразақ ауылының «Алтын балық» балабақшасының құрылтайшысы балабақшаға орын-жайды кеңейту мәселесі бойынша, Тайтөбе ауылының 4 шағын ауданының тұрғыны электрмен жабдықтау мәселесі бойынша және «Алибикомпани» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры жанармай құю стансасын жобалау мәселесі бойынша өтініштерін білдірді.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері мен мәселелерін тыңдай келе олардың шешілу ретін түсіндіріп, бірқатар дереу шешілуі тиіс сауалдар бойынша аудандық бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика