spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Асқар Жұмағалиев елші болып тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Асқар Жұмағалиев Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы қызметіне тағайындалды», делінген Президент Жарлығында.

Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев 1972 жылы 2 тамызда Орынбор облысында дүниеге келген. Свердловтағы Суворов училищесін, Харьков ракета әскерлерінің жоғары командалық-инженерлік училищесін, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Лозаннадағы Швейцария Федералды технология институтының электронды басқару бойынша шебер дәрежесі бар (Ecole Polytechnique Federale de Lausanne – EPFL). «Жарық» ЖШС бас директоры; Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінде Байланыс саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасының бастығы, Байланыс және ақпараттандыру комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі құрылған сәттен бастап төраға орынбасары, 2004 жылдың қыркүйегі мен 2005 жылдың қаңтары аралығында төраға міндетін атқарды. 2005 жылдың мамырынан Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2006 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды. 2006 жылдың 11 қазаннан 2010 жылдың наурызына дейін «Қазақтелеком» АҚ Басқармасының төрағасы. 2010 жылғы 12 наурыздан 2012 жылғы 20 қаңтарға дейін ҚР Байланыс және ақпарат министрі қызметін атқарды.

2012 жылғы 20 қаңтарда ҚР Көлік және коммуникация министрі болып тағайындалды. 2014 жылдың наурызынан ҚР Ақпарат және байланыс агенттігінің төрағасы болған. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары (2017-2018); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019); Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі (2019-2020).

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталды. 2005 жылы «Құрметті байланысшы» атағы берілді, Ю.А.Гагарин медалінің иегері. 2009 ж. «Құрмет» орденімен марапатталды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img