spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

«Көкшетау қаламгерлері»сериясымен 6 ақынның кітабы жарыққа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз
 Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг орталығында «Көкшетау қаламгері» сериясымен шыққан 6 жаңа кітаптың тұсауы кесілді,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Бұл кітаптар Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, Ақмола облысының әкімдігінің қолдауымен жарыққа шықты.  Алдағы уақытта «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі ақындардың кітаптарының таратылуына, көзі қарақты оқырманның қолына тиюіне ықпал етпек.
Тұсаукесер рәсімінен соң сөз алған Ақмола облысының әкімінің орынбасары Айна Ермекқызы Мысырәлімова ақындарды құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.
Көкше өңірі табиғат сұлулығымен қатар қаламгерлерге де, ақын жырауларға да, небір дарындарға бай өлке. Бұл шығармалар жас ұрпақ тәрбиесіне әсер етіп, Отаншылдыққа бастап, жас өреннің жүрегін қозғары сөзсіз. Тарихымыз бен мәдениетімізге, әдебиетімізге қосар үлес еселене берсін,-деді Айна Ермекқызы.
Жиында Жабал Ерғалиев, Нұртас Ахат, Құдайберлі Мырзабек сынды ел ағалары талантты жастардың өсіп келе жатқандығына ризашылықтарын білдіріп, ақындардарға жылы лебізін арнап,  облыс әкіміне алғыстарын жеткізді.
Ұлтымыздың жаңа формациясын қалыптастыруда алдыңғы буын интеллигенцияның рөлі мен міндеті ауыр. Президент өз Жолдауында да зиялы қауымға үміт артты. Кейінгі ұрпаққа қолдау көрсетіп, қазақ халқының ұлттық бояуын сақтап қалуда қаламгер қауымының үлесі айтарлықтай екені даусыз. Бұл кітаптар көкжиегімізді кеңейтіп, рухани мұра ретінде ұлт мүддесіне қызмет ететініне сенімдімін,-деді жазушы, «Арқа ажары» газетінің бас редакторы Жабал Ерғалиев.
Осы кеште Ерболат Баятұлының «Уақыт шеңбері», Қайырбай Төреғожаның «Көкжиек», Ұлмекен Тыныштыққызының «Мен күткен көктем», Абылай Мәуленнің «Лабиринт», Табысбек Үсеннің «Бозжусан» кітаптарымен қоса Алмас Темірбайдың  «Жекебатыр» жинағы оқырманға ресми жол тартты.
Кеш соңында көкшелік зиялы қауым бұл тың жобаның жалғасын табуына тілектестік білдіріп, өңірдің жас ақын-жазушыларының шығармалары жарыққа шыға берсін деген телекпен тарқасты.
.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика