spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 29, 2024
21.2 C
Kokshetau

Көкшетауда шаштаразға шыққан қыз сол күйі оралмады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласында 13 жасар Әйгерім Хайдарованы іздестіру шаралары жалғасуда. Бес күн бұрын жоғалған қыз әлі табылмай жатыр, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Жоғалған қыз шаш бояу үшін шаштаразға шығып сол күйі қайтып оралмаған.
Іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері және жасөспірім туған-туыстарымен қатар еріктілер де жұмылдырылды.

Біздің балалар Краснояр, Садовое, Нұрлыкөш, Чайкино ауылдарын, сондай-ақ саяжай массивтері мен қала іргесіндегі аумақтардың түкпір-түкпірін сүзіп іздестіріп жатыр. Қызды ешкім көрмеген. Әзірге ешқандай ақпарат жоқ, – дейді «Lider.kz» волонтерлік қозғалысының үйлестірушісі Олеся Баимова.

Естеріңізге сала кетейік, әпкесіне жазғы демалысқа келген 2007 жылы туған Щучинск қаласының тұрғыны Әйгерім Хайдарова 20 тамызда із-түзсіз жоғалып кетті.
Әйгерімнің Красный Яр селосына шашының ұшын бояту үшін шаштаразға кеткені белгілі болды. Алайда, полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, жасөспірімнің ұнатқан түсі шаштаразда болмай шыққан. Содан бері оны оны ешкім көрген-білген адам табылмады, – дейді Олеся Баимова.
Кеше «Instagram» әлеуметтік желісінде Әйгерімге ұқсас қыздың күміс түсті күртеде Щучинск қаласының дәмханаларының бірінен көрген туралы ақпарат пайда болды. Алайда ақпарат расталмады. Полиция бейнебақылау камерасындағы жазбаны тексеріп, оның жоғалған қыз болмағанын анықтады.
Жоғалған жасөспірімнің бойы 156-160 сантиметр, жұқалтаң денелі, шашы ұзын қара түсті, көзі қоңыр. Күміс түсті капюшонды күрте, қара толстовка, көк түсті джинсы шалбар мен ақ крассовка киген.
Полиция қандай да бір ақпарат білген адамдар болса 8 775 085 0315 телефон нөміріне немесе 102-ге хабарласуды, сонымен қатар Краснояр селосы және Нұрлыкөш кентінде жүрген жүргізушілерден бейнетіркеу камераларының жазбаларын қарауды өтінеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Студенттерге ашық есік күні өтті

Ақмола облысы бойынша «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК филиалының қабырғасында ашық есік күні өтті. Жоғары техникалық колледж...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img