spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 3, 2026
19.8 C
Kokshetau

10 тамыз күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

10 тамыз күні Қазақстанда құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлайды  «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде тұман түседі.

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарында найзағай жарқылдап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы күшейіп, 15-20 м/с жетеді, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы 25 м/с жетуі мүмкін.

Ақтөбе облысында да найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Қостанай облысында бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман түседі. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

10 тамызда Алматы облысында күн ыстық болады. Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Атырау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында өрт қаупі сақталады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы кездесуде кәсіпкерлер мен ұстаздар «Әділет» партиясына өз ұсыныстарын айтты

«Әділет» партиясы Ақмола облысына барып, өңірді дамытуға бағытталған бастамаларын таныстырды. «Әділет» партиясының республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреп,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика