spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
16.2 C
Kokshetau

Степногорск: «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен білім беру нысандары жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

 «Жұмыспен қамту жол картасы-2020»  мемлекеттік бағдарламасымен Ақсу кентінің №1 орта мектебі мен Қырыққұдық ауылындағы орта мектепті орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Аудан әкімі аталған жұмыстардың орындалу барысымен танысты, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Ақсу кентінің №1 орта мектебінде жөндеу жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Білім мекемесінің шатыры, едені мен қасбеті, сондай-ақ кабинеттері жөнделді.  Қазіргі уақыта мектептің екінші және үшінші  қабаттарында  терезелері ауыстырылып, қабырғаларын әрлеу жұмыстары жалғасуда.   Мектепті аралап шыққан қала әкімі  жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқтау үшін нысандағы жұмысшылар санын арттыру қажеттігін атап өтті.

Бұдан әрі  Еркебұлан Баяхметов Қырыққұдық ауылындағы орта мектептегі жөндеу жұмыстарының жүргізілуін назарға алды.  Мердігер компания әкімге ғимараттың терезелердің  толықтай ауыстырылғанын  жеткізді.  Мектепте қазіргі таңда 91 оқушы білім алуда.  Қала әкімі жаңа оқу жылының бала санының аздығына байланысты штаттық режимде оқыту шешілгендіктен, жөндеу жұмыстарын  оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img