spot_img
Сенбі, Желтоқсан 20, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Кәсіпкерді тонап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында екі ер адам көшеде кәсіпкерді ұрып-соғып, қол сөмкесін тартып алған. Оның ішінде 27 500 доллар болған, деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі Ақмола облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.

– 28 қаңтарда белгісіз екі адам жеке кәсіпкерге жабылып, дене жарақаттарын келтіріп, 27 500 долларын, сондай-ақ құжаттар мен банктік карталар бар қол сөмкесін ашық түрде ұрлап кеткен, делінген ПД хабарламасында.

Полицейлердің мәліметінше, кәсіпкер Ақмола облысына Алматыдан келген. Қылмыс ер адам жергілікті қонақ үйге бара жатқанда жасалған. Қылмысты ашу және қарақшыларды анықтау үшін жедел топ құрылып, іздеу шаралары жүргізілді. Соның нәтижесінде Атбасар қаласының 26 және 28 жастағы тұрғындары анықталып, қамауға алынды.

Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы, яғни «Тонау» бойынша сотқа дейінгі тергеу қолға алынды.

Күдіктілер уақытша ұстау абақтысына қамалды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында кәсіби мереке қарсаңында үздік энергетиктер марапатталды

Көкшетау қаласында Энергетиктер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиын барысында сала қызметкерлеріне Ақмола облысы әкімінің және Қазақстан Республикасы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика