spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында оң өзгерістер байқалады

Сондай-ақ...оқыңыз

Өткен жылы Сандықтау ауданының агрономдары күзгі науқанда облыс бойынша үздік нәтижеге қол жеткізіп, 475 тонна астық түйірлерін жинап алған. Бұған көктемгі жер суару жұмысы мен диқандардың тынымсыз еңбегінің арқасында қол жеткізілді. Өткен жылы ауданның еті мен сүті, ауылшаруашылығының басқа да өнімдері көптеп шығарылып, халық игілігіне жараған. Ауылшаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 36 миллиард 400 мың теңгеге жеткен. Бұл жөнінде аудан әкімі Асқарбек Үйсімбаевтың журналистермен кездесу жиынында белгілі болды, -деп хабарлайды Aqmola News ақпарат агенттігі.

Ауданның өндірістік өнім көлемінің 1 миллиард 927,2 миллион теңгеге жетуіне «Балқаш кірпіш зауыты», «Ворльд Бериз», «Лакомка Плюс», «Байдалы», «Белгородcкое» сияқты кәсіпкерліктер мен ЖШС-тер ықпал еткен.

Аудан әкімінің БАҚ өкілдеріне берген мәліметінше өткен жылы аудан экономикасына тартылған инвестиция көлемінің негізгі капиталы 5,6 миллиард теңгені құраған.

Биыл « Ауыл ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам қаражатқа негізделген 6 жобаны іске асыру жоспарлануда. «Игілік» және «Сыбаға» , «Ырыс» бағдарламалары аудан ауылшаруашылығының дамуына септігі тиіп отыр. Бұл бағдарлама бойынша 11 кәсіпкер 28,9 миллион теңге несие алып, мал басын көбейту жұмыстарымен шұғылдануда.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша кәсіпкерлер тарапынан бюджетке 1 миллиард 57 миллион теңге төлем жүргізілген.

«Балкашино аулылында облыс қаражатының 10,6 миллион теңгесіне су жүйелері жөнделді. Орталық қазандықтар мен жылыту жүйелерін қалыпқа келтіруге облыс 44,7 миллион теңге бөлді. Бұл бағыт бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бастырымовка ауылындағы су станциясын тазалау жұмысына 1,9 миллион теңге бөлінді»,-деді аудан әкімі Асқарбек Съезбекұлы.

Ауданда 41 ауыл болса, оның 32-сінің орталық көшелеріне жарық орнатылған. Биыл ауылдардың барлығына бірдей жарық қойылмақ.

Ауданда жолдарға асфальт төсеу жұмыстары да жалғасып келеді. Соның бірін атап өтер болсақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың қолдауымен 153 миллион теңге бөлініп, Сандықтау мен Балқашиноның арасын жалғайтын 9 шақырым жол қалыпқа келтірілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img