spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында биыл 570,3 шаршы метр үй пайдалануға беріледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл облыста қосымша қарастырылған қаржының көмегімен 570,3 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл жөнінде облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен кезекті аппарат кеңесінде айтылды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Жиында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өңірде салынып жатқан тұрғын үй мәселесі, сандық жүйе шеңберіндегі цифрландыру жұмыстары жан-жақты талқыланды.

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлердің жайы туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Марат Әубәкіров баяндады.

Бес бағыттан тұратын бағдарламаның біріншісі тұрғын үй құрылысын іске асыру болып табылады.  Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 277,4 мың шаршы метр тұрғын үйге 2375 отбасы қоныстанды. Республика бойынша тұрғын үймен қамту рейтингісінде біздің облыс қазір 7-ші орында тұр. Биылғы жылдың екінші жыртыжылдығында 292,9 мың шаршы метр тұрғын үй алаңын пайдалануға беру қарастырылып отыр, оның 33 мың шаршы метрі арендалық, 51,7 мың шаршы метрі несиелік, 64,1 мың шаршы метрі коммерциялық. Жалпы, аталмыш бағдарлама аясында Көкшетау қаласында 135,3 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған,-дейді Марат Әубакіров.

Аймақ басшысы Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Целиноград аудандары мен Көкшетау қаласының әкімдеріне  үйлерді іске қосу бойынша өз ұсыныстарын жақын арада әкімдікке жолдауларын тапсырды.

Биыл жалпы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 38 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Оның 20-сы иемденуге құқық берілмейтін жалдамалы үйлер, 13-і несиелік, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 4 тұрғын үй және тағы бір бағдарламалық үй салынуда. Сонымен бірге, Көкшетау қаласында екі 40 пәтерлі, үш 60 пәтерлі, Ерейментау мен Целиноград аудандарында бір-бір 45 пәтерлі үйлердің құрылысында түйткілді мәселелер туындаған. Оларды тез арада шешіп, тұрғын үйлердің жоспарланған уақытында тапсырылу қажеттілігі де баса айтылды.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img