spot_img
Жексенбі, Мамыр 17, 2026
24.2 C
Kokshetau

Сандықтау: Мемлекеттік бағдарлама аясында ауыл арасындағы жолдар жөнделуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Сандықтау ауданында «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауыл арасындағы жолдар жөнделуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бағдарлама шеңберінде ауыл жолдарын жөндеуге республикалық бюджеттен 25 миллион теңге қаражат бөлінген.

Аудан әкімдігінің берген мәліметтері бойынша қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 16 шақырым болатын Владимировка, Богородка ауылдары арасындағы жолдар жөнделуде.

«Көптен бері жөндеуді қажет еткен ауыл жолдары биыл мемлекеттік бағдарлама арқылы жөндеудің сәті түсті.  Тозығы жеткен  ауыл арасындағы жолдардың тегістеліп, қалпына келтірілуі ауыл тұрғындары үшін аса қуантарлық оқиға  болды. Жөндеу жұмыстарын «Сандықтау Жібек жолы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда. Серіктестік қар түскенше жол учаскесін  жөндеуді толық аяқтауды жоспарлап отыр», – дейді аудан әкімдігінен.

Қазіргі уақытта ауыл  арасындағы жолдарға қиыршық тастар төселу үстінде.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Жас Ұрпақ» — жастарды бірлік пен жауапкершілікке бастайтын жоба

Зеренді ауданындағы «Sunqar» балалар лагерінде «Жас Ұрпақ» жастар бірлестігінің екінші облыстық слеті өтті. Ауқымды іс-шара Ақмола облысы прокуратурасының бастамасымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика