spot_img
Жұма, Шілде 11, 2025
19.9 C
Kokshetau

Бұланды ауданында ашылған өрт сөндіру бекеті үшін тұрғындар қуануда

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Аудандағы Никольский және Данилов селолық округтерінде орын алатын тілсіз жау енді осы бекет арқылы ауыздықталады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Бекет ауылдағы серіктестіктің аумағында құрылды. Өрт сөндіру депосы арнайы техникамен жарақтандырылған.

Біз бұл бекеттің өз аумағымызда жұмыс істейтініне өте қуаныштымыз. Жаз уақытында өрт оқиғасы көп орын алады. Үй жайы өртенгендер көп шығынға батады. Біз өрт сөндіру қызметін ұзақ тоспайтын болдық. Енді хабарлассақ, әп сәтте жетіп келеді деп ойлаймыз,-дейді Нұржан Үмбетов есімді Данилов ауылының тұрғыны.

Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің басқарма бастығы Денис Шелкоплясовтың айтуынша, департамент облыстық әкімшілікпен бірлесіп, шалғайдағы елдімекендерде өрт сөндіру бекеттерін құрудың кезеңдік жоспарын дайындап бекіткен.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде облыс бойынша 30 бекет құрылуы тиіс. Оның 27-сі жоспарға сай жұмысын бастап та кетті. Ал үшеуі жоспардан тыс құрылуы керек болатын. Жыл басынан бері соның екеуі ашылды, енді біреуі жыл соңына дейін Сандықтау ауданында құрылады. Біздің департамент осы бағыттағы жұмысты одан әрі де жандандыра түспек. 2021-2025 жылдарға арналған тағы бір бағдарламаға қол қойылды. Оның негізінде облыстың 8 ауданында  9 өрт сөндіру бекеті құрылады,-дейді Денис Шелкоплясов.

Мамандардың сөзінше, жыл сайын Ақмола облысының аумағында мыңнан астам өрт оқиғасы орын алады.  Одан келетін материалдық шығын шамамен 250 миллион теңгеден асады.

Өкінішке орай жыл сайын 30-ға жуық адам тілсіз жаудың құрбанына айналады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика