spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
25.6 C
Kokshetau

Педофилді ұстау үшін 13-қабаттан секірген полицей «Айбын» орденімен марапатталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Алматыда педофилді ұстаған полиция майоры Бақытжан Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қызметтік міндетін атқару кезінде батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін Ішкі істер министрлігі Алматы қалалық Полиция департаментінің Түрксіб аудандық полиция басқармасының жедел уәкілі Бақытжан Әнуарбекұлы Бәкіров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталсын», – делінген жарлық мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 11 шілде күні 36 жастағы алматылық полиция қызметкері Бақытжан Бәкіров қылмыскерді ұстау кезінде 13-қабаттан секіріп кеткен еді. Ол кәмелетке толмаған адамды тонау мен зорлау қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады.

Екібастұздан келген 1989 жылғы Ш. есімді азамат төрт жасар бала мен 15 жастағы қыз тұрған үйге кіріп, 17 мың АҚШ долларын ұрлап, қызға зорлық көрсеткен. Полиция аталған қылмысқа байланысты арнайы жоспар құрып, оның қайда жасырынғанын анықтады. Әл-Фараби даңғылындағы тұрғын үй кешендерінің бірінің 13-ші қабатындағы пәтерде жатқан. Ш.есімді азаматты ұстау кезінде ол қашуға тырысып, ашық терезеден секіріп кеткен. Оның артынан полиция қызметкері де секірген. Екеуі де бір қабат төмен орналасқан террасаға түсіп, полиция майоры Бәкіров аяғы сынғанына қарамастан, күдіктіні оқшаулап, оның қашып кетуіне жол бермеді. Қаскөй тұтқындалды.

Ол бұған дейін Ішкі істер министрінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика