spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

«Ақылды қалада» не жаңалық?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақкөл қаласында енгізілген “SmartCity” инновациялық жобасы «ақылды қала» тұжырымдамасы пилотты болып табылады. Оны жүзеге асыру үшін қалада «Smart Aqkol – 2018» орталығы құрылып, онда аудан орталығының барлық ақпараты шығарылады, – деп хабарлайды Aqmola news ақпарат агенттігі.

«Ақылды қала» жобасын енгізуде Ақкөл қаласын таңдап алудың негізгі себебі қала тұрғындарының аздығы, әрі Елордаға жақын орналасуы, сонымен қатар қажетті инфрақұрылымның болуы. Біздің тілшіміз аудан орталығында қандай өзгеріс болғанын біліп көрген еді.

Оқиғалық орталық маманының мәліметтері бойынша тұрғындардың пәтерлері мен үйлерінде 6000 электр энергиясын есептеу есептегіштері ауыстырылған. Бүгінде Ақкөл қаласы бойынша электр энергиясын есептеу құрылғыларынан мәліметтерді жинау және таратудың жалпы пайыздық үлесі 98 пайызды құрады. Электр энергиясын бақылаушылар құрылғылардың көрсеткіштерін алмайды, барлық құрылғылар есептегіштердің көрсеткіштерді автоматты түрде жолдаумен жабдықталған. Сонымен бірге, Ақкөлде суық су есептегіштердің көрсеткіштерін жинауға қызмет ететін 13 LoRaWAN станциясы жұмыс істейді. Бұл үшін аудан орталығында 4500 суық су есептегіші жаңа радиомодулді LoRa-ға ауыстырылды.

Қала көшелерінде қойылған бағдарламаға сәйкес автоматты түрде сөніп-жанатын жарықты азайту мүмкіндігі бар 250 жарықшамдар орнатылған.

Қоғамдық орындарды, қала мектептерін, аудан емханаларын, жолдарды, жаяулар өткелдерін, қалаға кірер жолдарды бейнебақылауды қамтамасыз ететін түрлі класты жоғары рұқсатты 62 камералар орнатылды.

Сонымен қатар, Ақкөлде қаланың орталық алаңын, аудандық аурухананы, барлық қала мектептерін қамтитын интернетке WI-FI қолжетімді 34 нүкте орналасқан. WI-FI желісіне қосылу үшін нөмірге құны 7 теңге тұратын SMS хабарламасын жолдайды, кілтссөзді хабарлама келіп, WI-FI желісіне қолжетімділік ашылады.

Мемлекеттік мекемелерді, қоғамдық көліктер мен автокөліктерге GPS мониторинг, ал аудан әкімдігі мен мектептерде адамдардың түрлерін анықтау мүмкіндігі бар қолжетімділікті бақылау жүйесі жұмыс істейді. Мұнымен қосу қала нысандарында өрт сөндіру датчиктерінің жай-күйі туралы мәліметтерді жолдау және мониторинг жүйелері жұмыс істейді.

Бейнебақылау көмегі бар «SmartCity» бағдарламасы жұмыс уақыты кезеңінде 18 қылмыстық іс ашылып, көшеде жасалған 150-ден астам әкімшілік құқықбұзушылықтар анықталып, 8 бұзақылық іске жол берілмеді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img