spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Зеренді ауданында індетпен күрескен дәрігерлерге сүт өнімдері жеткізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында коронавирус пандемиясы кезінде екі бірдей провизорлық стационар ашылған. Дәрігерлерді қолдау мақсатында ауруханаларға кәсіпорындар сүт өнімдерін тегін жеткізуде, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Індетпен күресті күшейту мақсатында іске қосылған 120 орындық керуетті стационар аудандық ауруханада орналасса тағы бірі Шағалалы дәрігерлік амбулаториясында 60 орынға шақталған.

Стационарлар барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталды. Дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы бұйымдармен толықтай қамтамасыз етілген. Бүгінде 18 дәрігер, 70 орта буынды және 70 кіші буын медицина қызметкерлері өз өміріне қауіп төнсе де, адамдардың өміріне араша түсуде, – дейді аудан әкімі Бауыржан Ғайса.

Күн-түн демей дамыл таппай науқастарды емдеп індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге қамқорлық жасаған  «Milk project» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі апта сайын 500 келіге дейін сүт өнімдерін жеткізуде. 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img