spot_img
Дүйсенбі, Қазан 12, 2026
14.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасымен тұрғын үй құрылысы басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде үш қабатты жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталды, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған пәтерлерді тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға, жетім балаларға берілмпек. Қазір ауыл тұрғындары жаңа үйдің пайдалануға берілуін асыға күтуде. Дегенмен, құрылысты жүргізуге жұмыс күшінің аз болуы қолбайлау болып жатыр.

Көріп отырғандарыңыздай 36 пәтерлік 3 қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Кіріс жағдайы төмен отбасыларға осы үйден баспана ұсынылатын болады. Нысанның қаржыландырылуына келсек бәрі уақытында түсіп жатыр. Сондықтан құрылыс жоспарға сәйкес жылдың соңына дейін тапсыруды көздеп отырмыз. Қазір жұмыс күші жетіспей жатыр. Сондықтан, жұмыс іздеген құрылысшыларды шақырамыз, – дейді құрылыс учаскесінің басшысы Арман Есләмбеков.

Нысанның жалпы құны 228 миллион теңгені құрайды. Бүгінге дейін 196 миллион теңге игерілген. Сонымен қатар Зерендіде медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «ROAD TO ASTANA 2027» эстафетасы аясында спорт фестивалі өтті

Көкшетауда 2027 жылы Астанада өтетін үстел теннисінен әлем чемпионатына арналған «ROAD TO ASTANA 2027» ұлттық жобасының екінші кезеңі ұйымдастырылды. «Kokshe Arena»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика