spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Шілденің 2-сі күнгі ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Оңтүстік циклон мен онымен байланысты фронталды бөліктер республиканың басым бөлігінде ауа райының құбылып тұруына ықпал етеді. Осыған қарай еліміздің кей жерлерінде күн күркіреп, жауын жауса, солтүстік өңірде және орталықта күшті жел тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. 3 тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады. 

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Елдің тек батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Кей жерлерде жел күшейіп, солтүстік-батыста тұман түседі, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

Ақмола облысында жел күшейіп, бұршақ жауып, желдің күші секундына 15-20 м/қа жетеді.

Күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15/20 метрге жетеді. Түнде және таң ата Қостанай облысында тұман түсіп, Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар өңірінде күшті жел тұрып, тұман түседі.

Қарағанды облысының бірқатар өңірінде жел күшейіп, бұршақ жауып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Күндіз оңтүстік-батыста 30 м/с және одан да жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар өңірінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді деген болжам бар.

Жамбыл облысында жел күшейіп, жалдамдығы секундына 15-20 метрге, екпіні 23-28 метрге жетеді. Күндіз және таң ата облыстың оңтүстік батысында желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болады.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20-ге, күндіз екпіні 23-28 метрге жетеді.

Қызылорда облысында да жел күшейіп, жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді. Бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы облысында күн күркіреп, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Алматы, Қарағанды облысының кей жерлерінде және Ақтөбе облысының оңтүстік, Атырау облысының батысында өрт қауіпі сақталады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img