spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
21.5 C
Kokshetau

Ақмола облысында «Birgemiz» қоғамдық қорынан 21 мыңнан астам адамға көмек берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Birgemiz» акциясының төртінші толқыны аяқталды. Бұл жолы осыған дейін толық қамтылмаған Корғалжын, Егіндікөл, Астрахан, Жақсы және Сандықтау аудандарында тұратын 3950 адам 50 мың теңге мөлшерінде бір жолғы тікелей қаржылық көмек алды, – деп хабарлайды «Aqmola News» «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік көмек  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы анықталған тізім бойынша 7 санат бойынша бөлінді. Атап айтқанда тұрмыс жағдайы төмен көп балалы отбасылар, бірінші топтағы мүгедек адамдар, кемтар баланы асырап отырған отбасылар, тұл жетімдер, ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлер, Ауған соғысының ардагерлері мен оған теңестірілгендер және тыл ардагерлері  бар отбасылар енгізілді. Сәуір айынан бастап бүгінге дейін акцияның 4 кезеңі  ішінде 21175 адамның есепшотына 50 мың теңгеден ақшалай жәрдемақы аударылды, – дейді «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хатшысы Динара Дүйсенова.

⠀Жалпы елдегі коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жарияланған «Birgemiz» акциясы барысында  өңірдегі 21175 адамға 50 мың теңге мөлшерінде көмек берілген.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттары мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге байланысты «Aqmola News» ақпарат агенттігі тіркелген кандидаттар мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика