spot_img
Сенбі, Мамыр 30, 2026
16.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Таза Қазақстан» және «World Cleanup Day» аясында сенбілік өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетаудағы тазалық жұмыстарына 200-ге жуық студент, еріктілер мен қала тұрғындары қатысып, Бұқпа тауында қоқыс жинады. Шараға Экология департаменті, Табиғи ресурстар басқармасы және қала әкімдігі қолдау көрсетті.

Бұл бастама – «Жасыл Қазақстан» және «Таза Қазақстан» бағдарламаларының жалғасы. Жыл басынан бері Ақмола облысында 463 мыңнан астам адам атсалысып, 80 мың тоннадан астам қоқыс жиналды. Сенбіліктер 11 қазанға дейін жалғасады, ал 4 қазанда ағаш отырғызу жоспарланып отыр.

Акцияға Қосшы қаласы да қосылды. Бұл жолы сенбілік «Сарқырама» өзені жағасында ұйымдастырылып, қала әкімдігі тарапынан қап, қолғап, қоқыс жинауға арналған техникамен қамтамасыз етілді.

Мұндай шаралар өңірде таза әрі жайлы орта қалыптастыруға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика