spot_img
Жұма, Қараша 22, 2024
-7.4 C
Kokshetau

180 мың ақмолалық бала қуанышқа кенелді

Сондай-ақ...оқыңыз

1 маусым –Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстың барлық аудан-қалаларындағы білім ордаларында концерттік іс-шаралар, спорттық-ойын-сауық бағдарламалары ұйымдастырылып, оған шамамен 180 мыңға жуық бала қатысты.

Бұл күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов пен білім басқармасының басшысы Шоқан Оразалин Қосшы қаласындағы мектеп-лицейіне барып, мектеп жанындағы лагерьдің ашылуында болып, құттықтау сөз сөйледі. Балғын балалардың ертеңіне сенім артып, оларға жарқын болашақ, жалынды жігер, бақытты балалық шақ тіледі.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай бекіткен тұжырымдамасына сәйкес «Бақытты балалық шақ» атты республикалық акция аясында барлық іс-шараларға аудан-қала әкімдері қатысты.

Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мен кәсіпкерлердің қатысуымен экологиялық жобалар бойынша өнертапқыш балалармен стартап өткізілді. «Bolashaq sarayi» базасында облыстық «Жұлдызды сәттілік» байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар 6 мыңға жуық бала да назардан тыс қалмай, мерекелік іс-шараларға қатыстырылды.

Облыстық мәдениет басқармасының мәліметіне сүйенсек, облыс орталығындағы Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театры мен Ақмола облыстық орыс драма театрында балаларға арналған қойылымдар тегін көрсетілген. Сонымен қатар, кітапханаларда әдеби жәрмеңкелер, «Ашық аспан астындағы кітапханалар», Көкшетау қаласы бойынша мұражайларға «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бұл күні Көкшетау қаласының әкімдігі балалардың қоғамдық көлікпен қатынауын тегін ұйымдастырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img