spot_img
Дүйсенбі, Қазан 7, 2024
11.6 C
Kokshetau

Облыс әкімі қосшылық балалардың қуанышымен бөлісті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Халықаралық балаларды қорғау күнін және жазғы демалыстың басталуын мерекелеуге орай Қосшы қаласында ұйымдастырылған салтанатты шарада болып, ІТ мектеп-лицейінің жанындағы жазғы лагерьдің ашылуына қатысты.

Қосшыдағы ІТ мектеп-лицейі 2022 жылы ашылған. Білім ордасының директоры Нұркен Шахметовтің айтуынша, бүгінгі таңда мұнда 2,5 мыңнан астам оқушы оқиды және 154 мұғалім жұмыс істейді. Әкім білім ордасының асханасының, робототехника және тоғызқұмалақ ойыны кабинеттерін аралап көрді.

– Мектеп негізінен ақпараттық технологиялар бағытында жұмыс істейді. Қазір бізде робототехника кабинеті бар, STEM зертханасы да ашылды. Мектептің ашылғанына көп уақыт болмаса да, осы аралықта оқушыларымыз біраз жетістіктерге жетті, мектеп командасы робототехника бойынша қалалық және облыстық жарыстарда табысты өнер көрсетіп келеді, – деді сөз барысында Нұркен Нұржанұлы.

Робототехника кабинетінде өңір басшысы балалардың өз қолдарымен дайындаған жобалармен танысты, онда асық атып ойнайтын робот та бар екен. Педагог Даниал Мұсахметтің айтуына қарағанда, мұнда 200-ге жуық оқушы робототехникамен айналысады, ал, жарыстарға қатысатын мектеп командасының құрамына болашағынан зор үміт күттірген сегіз оқушы таңдап алыныпты.  Жазғы демалыс кезінде олар жарыстарға дайындалып, жаңа жобалар әзірлейді.

– Мен бұл мектепте екі жылдан бері оқып жүрмін. Маған мұнда қатты ұнайды. Мұғалімдер сабақты қызықты өткізеді. Өзімізді ақпараттық технологиялар саласында дамытуымыз үшін мұнда мүмкіндіктер өте күшті. Мен негізгі бағытымнан бөлек,  волейболға барамын, домбырада ойнауды үйреніп жүрмін, бүгін мерекеде ән айтамын. Өткен жылы жазғы лагерь өте керемет болған, биыл да демалысымыз көңілді өтеді деп үміттенемін, –дейді мектеп-лицейдің бесінші сынып оқушысы Камила Иса.

Мектеп-лицейдің күзет бекетінде облыс әкімі бейнебақылау жүйесінің жұмысын, сондай-ақ, жергілікті полицияның «дабыл түймесіне» іс-қимылын тексерді. Дабыл соғылғаннан кейін бірнеше минут ішінде мектеп аумағына патрульдік полицейлер жетіп келді.

Өңір басшысы қалада қауіпсіз орта қалыптастыруға қатысты келелі мәселелерді шешу бойынша, әсіресе, балалар қауіпсіздігіне байланысты жұмысты күшейтуді тапсырды. Атап айтқанда, жол қозғалысын реттеу, көшелерді жарықтандыру, медициналық көмекпен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлді. «Балалардың қауіпсіздігіне басымдық беру керек», – деп атап өз сөзінде өңір басшысы.

Биыл Қосшы қаласындағы мектеп жанындағы лагерьлерде 5 мыңға жуық бала жазғы демалыспен қамтылады деп жоспарлануда. Қаланың білім бөлімінің хабарлауынша, жазғы демалыс барысында 5-8 сынып оқушылары шатыр және киіз үй лагерлеріне қатыстырылып, қаланы көгалдандыру бойынша жасақтар құрылады. Жаппай білім беру қоры есебінен қала мектептерінен 105 оқушы сауықтыру лагерьлеріне жолдама алады. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар, сондай-ақ мектептерде және полиция бөлімінде есепте тұрған кәмелетке толмағандар ерекше бақылауда болады.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛАЛЫҚ ПЕДАГОГ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, педагог-зерттеуші Муханбетжанова Аксауле бастауыш сыныптарда математиканы оқыту ерекшеліктерін,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img