spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Көкшетауда коронавирустың таралуына тосқауыл қою үшін қатаң шектеулер енгізілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты жаңа шектеулер енгізілді. Ақмола облысының бас санитар дәрігері облыс орталығында шектеулерді күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, – деп хабарлайды «Aqmola news».

Өңірдегі жағдайдың ушығуына байланысты Ақмола облысындағы «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалында шұғыл брифинг ұйымдастырылды.

Айнагүл Мусинаның айтуынша шектеулер тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауынан қолданылып отыр. Тек соңғы тәуліктерде ғана Көкшетау қаласынан 5 адамнан коронавирус инфекциясы расталған,

Қаулыға сәйкес бүгіннен бастап азық түліктік және азық-түлік сатпайтын сауда орындары бұрынғыдай сағат 10.00-ден кешкі 17.00-ге дейін ғана жұмыс істейді. Сондай-ақ, қоғамдық тамақтану орындарына сағат 22.00-ге дейін ғана рұқсат беріледі. Сондай-ақ,дәмханалардың жазғы алаңдарында 50 адамнан аспайтын орындарда, үстелдер арасы кемінде 2 метр болуы тиіс. Отбасылық, ұжымдық, салтанатты шаралар мен семинарлар басқа да шараларды ұйымдастыруға тыйым салынады, – деді Айнагүл Мусина.

Жалпы бекітілген тізімге сәйкес барлық нысандардың қызмет жасауына рұқсат берілген. Дегенмен, барлық санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Олай болмаған жағдайда талапты бұзған сауда орындары мен дәмханалардың қызметтері тоқтатылуға дейін жаза кесілмек.

Өкінішке орай өңірде коронавирус инфекциясының таралу оқиғалары жиілеу үстінде. Сондықтан бас санитар дәрігердің барлық талаптарының міндетті түрде орындалуы қажет. Біз барлық кәсіпкерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды мүлтіксіз сақтауын өтінеміз. Егер, талаптар орындалмаған жағдайда шағын кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік кодекстің 462 бабының 3 тармағына сәйкес 100 айлық есептік көрсеткішке дейін, орта бизнес өкілдеріне 200 АЕК мөлшерінде және ірі өнеркәсіптер мен кәсіпорындарға 500 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Тіпті кәсіпкерлердің қызметін тоқтатуға дейін жазаға тартылуы мүмкін, – деді «Атамекен» ҰКП Ақмола облыстық филиалының директоры Ақылбек Смағұлов.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img