spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Көкшетауда тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға пәтер кілттері беріле бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласында тасқын судан кейін үйлері жарамсыз деп танылған екі отбасына пәтер кілттерін табыс етіп, төтенше жағдай салдарынан орын алған залалды азайту үшін мемлекет тарапынан барлық шаралар қолданып жатқанын атап өтті.

–Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қажеттіліктерін шешу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін сіз пәтер алған алғашқы адам болдыңыз. Отбасыларыңызда бәрі жақсы болып, қиыншылықтар артта қалсын, – деді Марат Ахметжанов.

Төтенше жағдайдан кейін облыс бойынша мемлекеттен  алғашқы тұрғын үй алушылар – көпбалалы Қапаровтар мен Никулиндер отбасылары. Бұл пәтерлерді тұрғындар өздері таңдап алған екен. Онда тіршілікке қажетті барлық құрал-жабдықтар бар.

–Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа біздің мәселемізді тез шешкені үшін алғыс айтамыз.  Біздің отбасымыз үшін бұл үлкен қуаныш. Балаларымыздың бақытында шек жоқ. Ризамыз.  Осы үйдің іші құтты болып, тек қуанышты сәттеріміз көп болсын деп тілейміз, – деді Сәуле Қапарова.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақмола облысында зардап шеккендерге барлық қажетті қолдау көрсетілетінін және азаматтардың мүлкін қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып жатқанын атап өткен жөн.

Өңірде шығындарды өтеу және жою жөніндегі жұмыс тұрғын үй қатынастары туралы қолданыстағы заңнама шеңберінде жалғастырылатын болады. Кеше облыс орталығының 174 отбасы 65 млн. теңгеден астам сомаға біржолғы төлем алды.  Сондай-ақ, материалдық шығындарды бағалау және өтеу жөніндегі комиссия
12 отбасына 8 млн. теңгеден астам көлемде материалдық залалды өтеу туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, арнайы комиссия қазіргі уақытта тұрғын үйдің одан әрі тұруға жарамдылығын анықтау бойынша техникалық тексерулер жүргізуде.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img