spot_img
Сейсенбі, Сәуір 30, 2024
5.1 C
Kokshetau

«Киелі мекен» экологиялық акциясына 150-ден астам көкшетаулық қатысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүкіл әлем қоқыстарды сұрыптауды бастау маңызды екенін түсінеді. Бұған біздің қоғам да жақындап келе жатқаны қуантарлық жағдай.

Осыған байланысты, Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының ұйымдастырумен «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық акциясы аясындағы тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналған «Киелі мекен» атты бағыты жүзеге асырылуда.

Аталмыш республикалық акция науқаны 5 аптаға созылып, акцияның әр аптасы белгілі бір тақырыпта өтеді. Алғашқы апта «Таза өлке» деген атаумен бастау алса, «Киелі кекен» бағыты акцияның екінші аптасында іске асырылатыны бекітілген.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала тұрғындары мен туристердің, әсіресе жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, «Адал адам – Адал еңбек-Адал табыс» ұжырымдамасы негізінде патриотизм, табиғатқа, қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Сонымен қатар, аталмыш акция Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетіндегі студенттерінің қатысуымен Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ескерткішінің абаттандырылуы өтсе, одан әрі «Қоғамдық даму» КММ бастамасымен және облыстық ЖРО-ның қолдауымен әрі қатысуымен Асқар Забикулин ескеркішінің маңы абаттандырылды.

«Бүгін республика бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде қазақ халқының ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы – Шоқан (Қанафия) Шыңғысұлы Уәлихановтың ескерткіші маңын қоқыстан тазарту жұмыстарын өткізудеміз. Тазалық жұмыстары барысында мемориалдық кешеннің аумағын ретке келтіру, абаттандыру, күл-қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді» – дейді облыстық «Волонтерлерді қолдау орталығы» фронт-кеңсесінің маманы  Дидар Хамзин.

Жалпы акцияға 150-ден аса студенттер, зейнеткерлер, ұйымдастырушылар, қоғам белсенділері және мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы Ақмола облысы жастар-ресурстық орталығының баспасөз қызметінің мәліметі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов ақмолалықтарды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, су тасқыны кезінде белсенділік танытқан азаматтарды марапаттады

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеп, су тасқыны кезінде белсенділік...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img