spot_img
Сейсенбі, Қараша 26, 2024
-11.8 C
Kokshetau

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Сондай-ақ...оқыңыз

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың отырысына қатысып, өңірдің эвакуациялық пункттері мен медициналық мекемелерінің жұмысымен танысты, деп хабарлайды Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі өңірге сапарын облыстық балалар ауруханасы мен көпсалалы қалалық аурухана жанындағы жұқпалы аурулар орталығынан бастады. Ол медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықтарымен танысып, дәрігерлермен және пациенттермен тілдесті. Тимур Сұлтанғазиев медициналық қызметтердің сапасын арттыруға ерекше назар аударды. Жұмыс сапарының маңызды бөлігі Тимур Сұлтанғазиев пен Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штаб өтті. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Ахильбеков баяндағандай, жалпы медициналық ұйымдар бойынша су тасқыны жағдайы ерекше бақылауда. Облыс бойынша барлығы 12 мың адам сыйымдылығы бар 268 эвакуациялық пункт, оның ішінде Көкшетау қаласы бойынша 2500 адам сыйымдылығы бар 22 эвакуациялық пункт дайындалды. 16 сәуірге дейін 2 мың 766 адам эвакуацияланды.

«Эвакуацияланған арасында зардап шеккендер мен медициналық көмекке жүгінгендердің жоқ, «Д» есебінде тұрған созылмалы ауруы бар адамдар эвакуациялық пункттердегі базалық препараттармен қамтамасыз етілген, медициналық бақылау толық жүргізілуде. Эвакуациялық пункттердегі жағдай медициналық ұйымдардың жітібақылауында, қажет болған жағдайда медициналық пункттер орналастырылады», – деп атап өтті Нұрлан Ахильбеков.

Облыста 4 мың 688 жатын орын тәулік бойы жұмыс істейді, оның ішінде 95 ересектерге арналған жұқпалы ауруларға арналған төсек, 105 балалар жататын жұқпалы ауруларға арналған төсек. Жүкті әйелдер мен босанған әйелдер үшін-185 төсек, жүктілік патологиясы-107 төсек, ересектерге арналған гинекологиялық -148 төсек. Төтенше жағдай кезінде зардап шеккендер жаппай түскен жағдайда облыс бойынша қосымша 500 төсек-орын орналастырылады. Барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді. Осы кезеңде су басу қауіпі төніп тұрған денсаулық сақтау объектілері жоқ. Ақмола облысы бойынша тәулік бойы 88 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейді.

Су тасқынынан зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету қажет болған жағдайда қалалық, аудандық емханалардың психолог –мамандары, сондай-ақ жедел медициналық көмек мамандары тартылатын болады.

Одан әрі Тимур Сұлтанғазиев Бурабай ауданы Атамекен ауылындағы дәрігерлік амбулаторияға барды. Вице-министрге хабарлағандай, қазір барлық медициналық ұйымдарда су басқан елді мекендерде алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі іс-шаралар жоспары, су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі жоспар және су тасқыны кезеңінде облыстың азаматтық қорғау қызметтерімен өзара іс-қимыл жоспары әзірленді.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Бурабай ауданы мен Бұланды ауданындағы эвакуациялық пунктте болды. Тимур Сұлтанғазиев эвакуацияланған ауыл тұрғындарымен сөйлесті. Сонымен қатар, су басқан ауыл тұрғындарының денсаулық жағдайын бақылау және оларға медициналық қызметтердің толық пакетін көрсету бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Жолдардың жабылуына байланысты қолжетімділігі жоқ елді мекендердегі барлық медициналық ұйымдар штаттық режимде жұмыс істейді, дәрілік заттардың бір айлық қоры қамтамасыз етілген, шұғыл медициналық көмекке қызмет көрсету ТЖ қызметімен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіледі, су тасқынына қарсы штабтармен және эвакокомиссиялармен байланыс орнатылған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img