spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

КӨКШЕТАУ. БІРДЕ ЖАУЫН… БІРДЕ ДАУЫЛ

Сондай-ақ...оқыңыз

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ БҮГІН (13 СӘУІР 2024 ЖЫЛ) ҚАРҒЫН СУ АЛА БАСТАҒАН БҰЛАНДЫ АУДАНЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСЫП, ЖЕДЕЛ ШТАБТЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ.
ӨҢІР БАСШЫСЫ АУДАННЫҢ ІРІ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІНІҢ БІРІ «ЖУРАВЛЕВКА» АУЫЛЫНДА БОЛЫП, ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСІП, СУ АЛҒАН ҮЙЛЕРГЕ КІРІП, ОЛАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ КӨМЕК КӨРСЕТІЛІЕТІНДІГІН АЙТТЫ.
-Қазір еліміздегі жағдай Мемлекет басшысының назарында.Судан зардап шеккен тұрғындаодың бірде бірі қолдаусыз қалмайды. Шығындар толық қалпына келтірілетін болады. Бұл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы, -деді бұландылықтармен кездескен облыс әкімі Марат Ахметжанов.
————————
————————–
Атақты әніш ағамыз Ермек Серкебаев «Сұршақыз» әнінде «Көкшетау кейде қарлы, кейде қарсыз!» деп шырқаушы еді жарықтық!
Биылғы Көкшетау қарлы болды! Болғанда да бұрын-соңды болмаған қалың қар түсті. Оны қойып желтоқсан мен қаңтар айларында жауын жауып, ақ қар көк мұзға айналды.
Сәуір туар-тумастан қалың қар күрт еріп, сай-салаға сыймай, ауыл мен қала қотаныны кіріп әбігерге салды.
Енді міне, кешеден бері Көкшетау аспанын бұлт тұмшалап, нөсерлетіп жауын жауып, кейде дауыл тұрып та, әйтеуір табиғат та құбылып тұр. Бәрінің де бір қайыры болар! Тасыған судың да бір қайыры бар шығар!
Қазақ елінің кәрісі мен жасы, үлкені мен кішісі де қарап жатқан жоқ! Судан зардап шеккен өңірлердің халқына тілектес болып отырғаны бар. «Ауыздарын жырып» десе де болғандай қолқабыс жасап жатқан қалың ел тағы да бар!
«Үміт үзбек қайратсыздық» деген Абай ғақлиясына жүгінер болсақ, бұл апаттан да аман шығармыз, су басқан жерлеріміз де көктер, суға кеткен малдың орны толар, тасқын қиратқан үйлер мен жайлар да бой көтеріп, ертең-ақ түлерміз! Елден береке мен бірлік қашпасын!
***
Күні кеше Ақмола облысының Бұланды өңіріндегі Бақсұқ өзені тасып, маңайындағы Журавлевка, Капитоновка елді мекендерін су ала бастады.Қарғын су ауылға егістік алқаптардан 10 минуттың ішінде лық етіп келіп қалған көрінеді.
Бірден осы елді мекендердің 400-ден астам халқы қауіпсіз орындарға орналастырылды, малдары да су аламайтын жерлерге қамалды. Бұл ауылдардың жаны азық-түлікпен. малы жем-шөппен қамтамасыз етілді.Төтенше жағдай жарияланды.
Қазір Бақсұқтың (өзен) арыны басылып, су деңгейі төмендей бастады.Жергілікті халық өз үйлеріне орала да бастады.
Журавлевка ауылының тұрғындарымен кездесуде облыс әкімі Марат АХМЕТЖАНОВ арнайы комиссия құрылғандығын, ол комиссияға осы ауылға келіп залдың мөдшерін анықтауды, техникалық зерттеу жүргізе отырып, заладың орының халыққа тез арада өтеуді тапсырғандығын мәлімдеді.
Осы бір қиын сәтте төзімділік және ұйымшылдық танытқан ауыл халқына алғыс айта отырып, облыс әкімі Марат Ахметжанов қашан болсын бірлік пен ынтымақтастық қандай қиыншылық болмасын, соның барлығын жеңетіндігін айтты.
***
ҚАЗІР КӨКШЕТАУ БІРДЕ ЖАУЫН… БІРДЕ ДАУЫЛ!.. Әйтеуір бір жақсылықтың болары анық!

Жабал Ерғалиев. Жазушы, драматург.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img