spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда Наурыз мерекесіне арналған көрме өтуде

Сондай-ақ...оқыңыз

«Creative Open-space Nauryz» жобасы аясында облыстық халықтық фольклорлық ансамбльдерінің концерті мен декораьтвьі қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтуде.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының бастамасымен көне дәстүр сабақтастығының белгісі саналатын, ұлттық мәдениетіміздің қайта түлеген ерекше мерекесі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы аясында 14-20 күндері «РИО» сауда ойын-сауық орталығында креативті индустрияны қолдауға бағытталған тұңғыш рет «Ғасырлар үні» жобасы аясында облыстың халықтық фольклорлық ансамбльдері мен отбасылық ансамбльдерінің концерті және «Көшпенділер мұрасы» open space аймағы ұйымдастырылады.

Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз күні «Арқа әуендері» халықтық фольклорлық ансамблі мен Бұланды ауданының шығармашылық ұжымдарының мерекелік концерті, 16 наурыз күні «Көкше әуендері» мен «Ереймен сазы» халықтық фольклорлық ансамбльдерінің мерекелік концерті, 17 наурыз күні «Ғасырлар үні» жобасы аясында «Сазды әуен» және «Тарту» фольклорлық ансамбльдерінің мерекелік концерті ұсынылып, қала халқы назарына ән мен жырдан шашу шашып, күмбірлеген күміс күйге бөледі.

«Көшпенділер мұрасы» open space аймағы аясында шығармашылық көрме апта бойы декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі-жәрмеңкесі өтті.

Көрмеде жергілікті ісмер-қолөнер шеберлері: құрақ көрпе, кимешек, қыз жасауын тігетін Ұлжалғас Қабденқызы Қарымсақованың, сырмақ, ши, тұскиіздер, басқұрлар, шашақбаулар жасайтын Смағұл Кенжебай Смағұлқызының, құрақ көрпе, сыпыра, қыз жасауын «Күнтай құрақ» брендінің негізін қалаушы Гүлнар Жылқайдарқызы Серікжанованың, киізден ұлттық бұйымдар жасайтын Гүлнар Мырзағалиқызы Орынбаеваның, киізден аяқкиімдер тігетін Алма Аменқызы Кәкімованың, қыштан, киізден бұйымдар жасайтын Вера Ивановна Фризеннің, қыздардың бас киімдерін тігумен айналысатын Шынар Шалғынбайқызы Досмағанбетованың, табиғи тастардан ұлттық нақыштағы әшекейлер жасайтын Жібек Хайырденқызы Сұлтанованың, балалардың  ұлттық стильдегі киімдерін тігумен айналысатын ісмер Ғалия Мұратбекқызы Мүслімова, табиғи тастардан, былғарыдан ұлттық стильдегі әшекейлер мен кәдесыйлар жасайтын Ғайша Алтынбайқызы Медетованың қолдарынан шыққан ұлттық нақыштағы  бұйымдар, Анар Талапқызы Саттыбаеваның қыштан жасаған бұйымдары көпшілік назарына ұсынылды.

Мерекелік іс-шараны «Adajio» би студиясы, жетекшісі Айя Серікқызы, биші бүлдіршіндері әсем мың бұралған билерімен көркем етті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img