spot_img
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
29.2 C
Kokshetau

Өңірлік кадр резервіне іріктеу басталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының кадр комиссиясы өңірлік кадр резервіне іріктеудің басталғанын хабарлайды.

Өңірлік кадр резервіне алынатын кандидаттарға келесі талаптар қойылады:

  • Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде жасы отыз бес жастан аспауы;
  • жоғары білімінің болуы;
  • үш жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) индустрия және өнеркәсіп;

2) экономика және қаржы;

3) әлеуметтік сала;

4) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;

5) агроөнеркәсіптік кешен және жер қатынастары;

6) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдауды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы 1-31 наурыз аралығында (қоса алғанда)  https://onir.pkrezerv.gov.kz/ онлайн-платформасында кандидатты тіркеу арқылы жүзеге асырады. Жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен құпия сөзі арқылы дербес жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, үміткер құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде ұсына алады. Құжаттар aqmola@onir.pkrezerv.gov.kz электрондық почтаcы арқылы немесе Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87, 3 қабат мекенжайы бойынша қабылданады.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз жеткізгіште немесе электрондық түрде ұсынған кандидаттар да онлайн-платформада тіркеліп, құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде, бірақ 2024 жылғы 31 наурыздан кешіктірмей жүктеуі тиіс.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы ақпаратты және басқа мәліметтерді онлайн-платформадан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсынан https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet?lang=ru, сондай-ақ Департаменттің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан https://www.instagram.com/elgeqyzmet.aqmola/) және 8 (7162) 51 81 32, 51 81 17 телефондары арқылы алуға болады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында табиғи монополиялар саласында ашықтық пен қоғамдық бақылау күшейтілді

Ақмола облысында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында табиғи монополия субъектілерінің қызметіне бақылау күшейтіліп, тарифтік саясатты реттеу мен инвестициялық бағдарламалардың орындалуын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика